Ақсу қаласының

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Бір жылда75108
Бір айда6549
Бір аптада922
Кеше153
Тәулік11
Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
мұғаліммен жұмыс - 193
өздігінен білім алу - 111
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 57
электрондық ресурстардан - 27
басқа формалар - 7
Дауыс бергендер саны: 395
Нәтижені көру
Сенім телефоны8 (71837) 64294
150
11616
Гуманитария пәндерінің ӘБ
Дюсембаев Аскербек Култаевич
Дюсембаев Аскербек Култаевич

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 

Білімі: жоғары

Еңбек өтілі: 12 жыл

Санаты: педагог-шебер

Аскербек Култаевич 5, 6, 7, 8, 9- сыныптарында қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқыту бағдарламасының авторыКембридж бағдарламасының бірінші деңгейдегі сертификаталушысы (2014 ж). Мұғалімдердің облыстық пән олимпиадасында (2009, 2013) ІІІ орын иегері. Облыстық білім беру басқармасының Құрмет грамотасымен  (2012), Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың иновациялық орталығының Мадақтамасымен, Ертіс Дарыны Алғыс хатымен (2017), ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен (2017) және Құрмет грамотасымен (2018) марапатталды. Оқушыларының жетістіктері: қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық, облыстық пән олимпиадасының жүлдегерлері 7 оқушы (2012-2018 жж.), қазақ тілі мен әдебиетінен Қ.Бітібаева атындағы  республикалық, облыстық олимпиадасында  6 оқушы (2012-2018 жж.), қазақ тілінен республикалық, облыстық «Жарқын болашақ» олимпиадасында 7 оқушы, (2012-2018 жж.), Республикалық, облыстық ғылыми жобалар сайысының жеңімпаздары мен жүлдегерлері 8 оқушы (2012-2017 жж.),  облыстық Махамбет, Әбіш, Мұқағали оқуларында, Ақберен конкурсында 5 оқушы (2016-2018 жж.), Қазақстан интернет олимпиадасынан 32 оқушы жеңімпаз (2012-2018 жж.). ҰБТ қазақ тілінен 2011 жылы  орташа ұпай  23,40,  2014 жылы 21,19,  2016 жылы  22,5  құрады.  ОЖСБ қазақ тілінен 2016 жылы  орташа ұпай 15,7  құрады.

Нургалиева Дария Амантаевна
Нургалиева Дария Амантаевна

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі 

Білімі: жоғары

Еңбек өтілі: 26 жыл

Санаты: педагог-зерттеуші

Дария Амантайқызы халықаралық ғылыми конференциясында Алғыс хат (2012), облыстық жасөспірімдер олимпиадасында «Ұстаздық еткен жалықпас» номинациясының (2014), Облыстық  Абай оқулары, «Ақберен» байқауы «Ұстаздық еткен жалықпас» номинациясының (2018) иегері. Ақсу қаласының  Білім беру бөлімінің Құрмет грамотасы (2009), Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығының Алғыс хаты (2016), облыстық білім беру басқармасының Алғыс хатымен (2017) марапатталған. «Ертіс өңірінің балалар әдебиеті» бағдарламасының авторы. Оқушылардың жетістіктері: қалалық, облыстық  мәнерлеп оқу сайысының жүлдегері (2008); қалалық «Зерде» зерттеу жұмысының ІІІ орын (2008); қалалық ғылыми жобалар сайысының І орын (2013), облыстық «Зерде» зерттеу жұмыстарының ІІІ орын (2008, 2017), ІІ орын (2014), облыстық жасөспірімдер олимпиадасында  ІІ орын (2014), облыстық шығарма, эсселер  сайысының ІІ-ІІІ орын жүлдегерлері  (2017), республикалық эссе сайысында ІІ орын (2014), Халықаралық Қ.Бітібаева атындағы  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен олимпиада - ІІ орын (2017), 2 оқушы  ІІ орын, республикалық - 2 оқушы Құрмет грамотасы, «Тіл шебері» номинациясы (2018), облыстық пән олимпиадасы - ІІІ орын (2018), 2 оқушы - ІІ орын (2019), облыстық «Ақберен» байқауы  І орын (2018), облыстық  Абай оқулары І орын  (2018), республикалық  Абай оқулары - Құрмет грамотасы  (2018), Қазақстан интернет олимпиадасынан 30 оқушы жеңімпаз (2017-2019 жж.).

 

Есенгожина Акмарал Еркеновна
Есенгожина Акмарал Еркеновна

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Білімі: жоғары

Еңбек өтілі: 21 жыл

Санаты: жоғары

Акмарал Еркеновна 5-6-сыныптарға арналған "Қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқыту" бағдарламалардың авторы. Павлодар облысының  Білім беру басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталған. Оқушыларының жетістіктері: «Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің символы» республикалық қазақ тілі олимпиадасында І орын,   (Астана қаласы,  2015);   облыстық «Жарқын болашақ» олимпиадасының «Жас ғалымдар» сайысы бойынша І орын (2017); облыстық ғылыми жобалар сайысында ІІІ орын (2017). 

Ержинбаева Райгуль Токановна
Ержинбаева Райгуль Токановна

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Білімі: жоғары

Еңбек өтілі: 21 жыл

Санаты: жоғары,  педагог-зерттеуші

Облыстық «Айналайын» фестиваліне қатысқаны үшін  Алғыс хатпен (2008),Облыстық білім беру басқармасының Алғыс хатымен (2013) марапатталды. Оқушылардың жетістіктері: қалалық, облыстық  мәнерлеп оқу сайысында - ІІ орын (2008); облыстық пән олимпиадасында - ІІІ орын (2008) және  ІІ орын – (2009) жүлдегерлері; облыстық «Зерде» ғылыми жобасында ІІІ орын (2017), Халықаралық «Жаңа идеялар» сайысында І дәрежелі диплом (2017), Республикалық мәнерлеп оқу ІІ орын (2018), эссе байқауында І, ІІ орын (2018), «Тіл – мемлекет тәуелсіздігінің символы» ХІІІ Республикалық олимпиадасында ІІ дәрежелі диплом.

Айтмагамбетова Бахыт Жумабаевна
Айтмагамбетова Бахыт Жумабаевна

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Білімі: жоғары

Еңбек өтілі: 11 жыл

Санаты: педагог- сарапшы

Бахыт Жумабаевна қазақ тілі пәнінен «Практикалық қазақ тілінен жаттығулар жинағы (морфология)» жұмысының авторы. Қалалық «Жыл мұғалімі-2019» сайысының II орын; облыстық I халықаралық «Жаңа идеялар» атты сайысында «Жаңа технологиялар қолдануымен сабақтың үздік әдістемелік зерттемесі» бойынша II орын иегері. Ақсу қаласының Білім беру бөлімінің Мақтау қағазымен марапатталды. Оқушылардың жетістіктері: қалалық «Мәшhүр-Жүсіп: өмірдің философиялық мәні, ізденістері» интеллектуалдық сайысында  I орын (2016 ж);    VIII облыстық «Мәшhүр- Жүсіп» оқуларында III дәрежелі диплом (2016 ж); Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына орай «Жыр алыбы - Жамбыл» атты қалалық жас ақындар сайысында II орын (2017 ж); қалалық «Абай оқулары» байқауында «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» бағыты бойынша I орын (2017 ж); қалалық «Жарқын болашақ» олимпиадасының «Сөз шеберлері» бағыты бойынша III орын (2015 ж); қалалық Оралхан Бөкей оқулары III орын (2015ж); Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру, «Мәңгілік Ел» идеясы, II  Қ. Шүлембаев оқулары  I орын (2019 ж); аймақтық ғылыми жобалар жарысында II орын (2019 ж) жүлдегерлері.