Ақсу қаласының

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Бір жылда84017
Бір айда13268
Бір аптада2558
Кеше375
Тәулік80
Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
мұғаліммен жұмыс - 193
өздігінен білім алу - 112
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 57
электрондық ресурстардан - 28
басқа формалар - 7
Дауыс бергендер саны: 397
Нәтижені көру
Сенім телефоны8 (71837) 2-44-04
150
11616
2017-18 оқу жылындағы «Мектепке жол» акциясының өту қорытындысы
28-03-2018 21:19

Биылғы оқу жылы акция «Балаларға бірге көмектесейік» ұраны аясында өтті. Жоспар бойынша 2017 жылға жалпыға білім беру қорынан  864000 теңге қаражат қарастырылды. Оның ішінде 664000 теңге тамақтануға және 231800 теңге  «Мектепке жол»  акциясы барысында оқу құралдары мен мектеп формасына жұмсалды.  Алдын ала жүргізілген жұмыс нәтижесінде гимназияда барлығы 12 азқамтамасыз етілген және көпбалалы отбасы балалары анықталды. Гимназия әкімшілігі мен сынып жетекшілердің жеке кәсіпкерлерге қолдаухат жазып, тікелей жұмысы нәтижесінде 34000 тг-ге көмек көрсетілді. Атап айтқанда демеушілік көмек арқылы 6а-сынып оқушысы Арнабекұлы Айбарысқа  жеке кәсіпкер Бекмурзинов Бағдат 4000 тг-ге оқу құралдарын,    қалалық зейнетақы жинақтаушы қоры 4 «а» сынып оқушысы Жазкен Арманға 5000 тг-ге спорт форма мен аяқ киім, Ақсу ферроқорытпа зауытының кәсіподақ ұйымы 25000 тг  оқу құралдарын алуға көмек көрсетті. Білім беру қоры арқылы азқамтылған 11 оқушыға 161200 тг-ге мектеп формасы және 69800 тг-ге оқу құралдары алынды. Сондай-ақ 1-сыныпқа келетін оқушылар мен олардың  ата-аналарына оқулықтар мен білім ордасының ішкі ережесі, күн  тәртібі туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді. Сынып жетекшілер оқушылардың отбасын зерттеу арқылы әлеуметтік- тұрмыстық жағдайын анықтап, 1 сынып оқушысы Рыскалиева Айсара, жаңадан келген көпбалалы отбасы оқушысы Калмахан Жасмин жалпы білім қорынан тегін тамақпен қамтылды. Алдағы уақытта  азқамтылған отбасы оқушыларының тегін тамақпен, оқу құралдарымен қамту жұмысы сынып жетекшілер  бақылауына тапсырылды.

ДТжО: Г.Бакирбекова