Ақсу қаласының

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Бір жылда84017
Бір айда13268
Бір аптада2558
Кеше375
Тәулік80
Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
мұғаліммен жұмыс - 193
өздігінен білім алу - 112
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 57
электрондық ресурстардан - 28
басқа формалар - 7
Дауыс бергендер саны: 397
Нәтижені көру
Сенім телефоны8 (71837) 2-44-04
150
11616
АТА-АНАҒА ЖАДЫНАМА
18-03-2018 22:11
АТА-АНАҒА ЖАДЫНАМА

Тұйықтықтан шығу жолдары:


1. Балаңызды әрдайым тыңдауға және түсінуге тырысыңыз, балаға қатысты қандай мәселе болса да назар аударыңыз. Баланың көзқарасымен әрдайым келіспегеніңізбен, ата – аналық борышыңызды адал атқару арқылы баланың жан – дүниесіне адамгершілік қасиеттерді ендіруге болады.
2.Шешімді балаңызбен келісе отырып,  бірге қабылдаңыз, әрі оған өз бетімен шешім қабылдауға мүмкіндік беріңіз. Себебі, бала өзі ұнатқан ережелермен өмір сүргенді жақсы көреді. Әрине, соңғы сөзді ата – ана айтуы мүмкін, бірақ кей шешімдердің орындалуын балаңыздың таңдауына қалдырған да орынды;
3.Бала қателік жібермес үшін ыңғайға қарай оқиғаның алдын алып, дұрыс жағына қарай бұрып жіберген де орынды болып табылады.
4.Баланың демалуына жағдай жасап, іс – әрекеттің бір түрінен екіншісіне ауыстырыпотырыңыз.
5. Баладан бірдеңе талап етсеңіз оған нақты, айқын бұйрықтар беріңіз. Ол бір нәрсені түсінбей немесе ұмытып қалса ашу шақырмаңыз. Қайтадан ренжімей, шыдамдылықпен өз талабыңыздың төркінін түсіндіріп отырыңыз. Кей бала қайталап айтуды қажет етеді. (жарты шарлары, есте сақтау, т. б.).
6. Балаға үйіп – төгіп тапсырма бергенше бірте – бірте орындайтын жұмыстар пайдалы.
7.Баланың күші жетпейтін жұмыстар беріп, зорықтыру барлық жағынан зиянды.
8. Ашу үстінде ағат қылықтарға бармас үшін, өзіңізге тоқтау сала отырып, алдымен ненің дұрыс – бұрыс екенін байқап алыңыз, бала теріс қылыққа неге барды, ойланыңыз.
9.Бала тап болған жағдаяттың қиындығы неде, сіз оған қалай көмектесе аласыз, қалай қолдау көрсетуге болады ойланыңыз!