Павлодар облысы әкімінің 28.12.2010 ж. № 309/19 қаулысына сәйкес "Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясы" ашылды
Мектеп бағыты: қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық
Мектеп тақырыбы: Дарынды қабілеті бар балалардың жеке бағытта оқыту жағдайындағы іс- әрекетті ұйымдастыру түрлері мен мазмұны.
Мақсаты: Оқытудың жаңа әдіс- тәсілдерін қолдана отырып, дарынды балалардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін дамыту.
Міндеттері:
1. Оқушының жеке тұлғасын дамытуға бағытталған оқу- тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық технологияларды кеңінен қолдану.
2. Оқушылардың мүмкіндіктеріне сәйкес дамуы мен білім алуын қамтамасыз ету.
3. Гимназияның педагогикалық ұжымы іс- әрекетінің жаңашылдық бағыттылығын қалыптастыру.
Гимназияда 353 оқушы
Бастауыш сыныптарда: 137
Орта буында: 173
Жоғары сыныптарда: 43
Мұғалімдер
Барлығы: 43
Педагог-модератор: 2
Педагог-сарапшы: 3
Педагог-зерттеуші: 19
Педагог-шебер:4
Жоғарғы санатты: 7
1-санатты: 3
Санатсыз: 5