Ақсу қаласының

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Бір жылда84150
Бір айда13145
Бір аптада2689
Кеше307
Тәулік117
Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
мұғаліммен жұмыс - 193
өздігінен білім алу - 112
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 57
электрондық ресурстардан - 28
басқа формалар - 7
Дауыс бергендер саны: 397
Нәтижені көру
Сенім телефоны8 (71837) 2-44-04
150
11616
Ғаламторды қауіпсіз пайдалану
01-03-2017 10:08

Бастауыш сынып оқушыларына арналған ережелер

1. Ата - аналарыңнан Ғаламтордағы түсініксіз жайттар туралы әрдайым сұрап отырыңдар.

2.Ғаламторда достасу үшін ең алдымен ата-аналарыңнан қауіпсіздік шараларын сұрап біліп алыңдар.

3.Өзің туралы таныс емес адамдарға ешқашан ештеңе айтпа.

Қайда тұратыныңды, қай мектепте оқитыныңды, телефон номерлеріңді тек сенің отбасы мүшелері мен жақын достарың ғана білуі керек.

4.Өзің білмейтін адамдарға фотосуреттеріңді жіберуші болма. Таныс емес адамдар сенің, достарыңның немесе отбасы мүшелерінің фотосуреттерін көрулері міндетті емес.

5.Ғаламтордағы адамдармен ата-аналарыңсыз кездесуге барма. Ғаламторда адамдар көбінесе өздері туралы шындықты жазбайды.

6.Ғаламторда өзге адамдармен әдепті болыңыз. Дөрекі сөздер жазбаңыз, дөрекі сөздерді есту, оқу кез-келген адамға өте жағымсыз әсер етеді.

7. Егер сені біреу ренжітсе, міндетті түрде ата-анаңа айт.

Орта буын оқушыларына арналған ережелер

1.Сайттарға тіркелген кезде өзің туралы ақпаратты көрсетпеуге тырыс, өйткені оны таныс емес адамдар көріп, пайдалануы мүмкін.

2.Сонымен қатар өзіңнің фотосуретіңді ғаламторға салмағаның дұрыс, өйкені бұл арқылы өзіңнің қандай екеніңді бөгде адамдар көруі мүмкін.

3.Веб-камераны өзіңнің жақын достарыңмен сөйлескен кезде ғана пайдалан. Сенің сөйлескен кезіңді басқа адамдар көріп, естімегенін қадағала.

4.Таныс емес адамдардан келетін күтілмеген хаттар «Спам» деп аталады. Егер сен бұндай хаттар алсаң, оларға жауап берме. Егер бұл хаттарға жауап берсең,ол сенің электрондық поштаңа осы сияқты хаттарды жазуды тоқтатпайды.

5.Егер саған белгісіз мекен-жайдан хаттар келсе, оны ашпағаның дұрыс. Өйткені оның ішінде вирустар болуы мүмкін.

6.Егер саған жағымсыз, дөрекі сөздер жазылған хаттар келсе, ол туралы міндетті түрде ата-анаңа айтуың керек.

7.Егер сені біреу ренжітсе, намысыңа тисе ондай жағдайды міндетті түрде ата-анаңа айтқаның дұрыс.

Жоғары сынып оқушыларына арналған ережелер

1. Жеке басыңызға байланысты ақпаратты Ғаламторға салудың қажеті жоқ. Жеке басыңызға байланысты ақпараттар: ол сіздің телефон номеріңіз, электрондық поштаңыздың адресі, мекен-жайыңыз, сіздің, отбасыңыздың, жолдастарыңыздың фотосуреттері.

2. Егер сіз Ғаламторға фото немесе видео салсаңыз оны кез-келген адам көре алады.

3. Күтпеген жерден келген хаттарға (Спам) жауап бермеңіз.

4.Таныс емес адамдар жіберген файлдарды ашпаңыз.Сіз оның ішіндегі ақпаратты білмейсіз. Оның ішінде «агрессивті» мазмұнда жазылған фото/видео материалдар болуы мүмкін.

5. Таныс емес адамдарды өзіңіздің жеке байланыс парақшаңызға IM. (ICQ,MSN messenger және т.с.с. )кіргізбеңіз.

6. Есіңізде болсын виртуалды таныстар өздері туралы айтқандарына сәйкес келмеуі әбден мүмкін.

7. Егер сіздің жаныңызда жақын адамдарыңыз болмаса, Ғаламторда танысқан адаммен кездеспеуге тырысыңыз.