Ақсу қаласының

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Бір жылда84216
Бір айда13467
Бір аптада2757
Кеше375
Тәулік279
Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
мұғаліммен жұмыс - 193
өздігінен білім алу - 112
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 57
электрондық ресурстардан - 28
басқа формалар - 7
Дауыс бергендер саны: 397
Нәтижені көру
Сенім телефоны8 (71837) 2-44-04
150
11616
Балаңыздың әлеуметтік желісін тексеріңіз!
01-03-2017 10:05

«Отбасы мен отбасылық құндылықтарды қолдау жөніндегі Қазақстандық ата-аналар ассоциациясы» азаматтарды балаларды қорқынышты ойындар «Синий кит» (Тихий дом») ойындарынан қорғауға шақырады.

         Әлеуметтік желілерде осы ойындар туралы мәліметтер шыққаннан кейін ассоциация эксперттері Қазақстандық балалардың ата-аналарына үндеу жариялады. ВКонтакте әлеуметтік желісінде «Синий кит» қауымдастығы арқылы балалар мен жасөспірімдерді ойынға кіруге шақырады екен. Бұл ойынның барысында әрбір қатысушы 50 тапсырма орындайды. Ең алдымен ойыншылар тамырларын кесіп, білегінде лезвияның көмегімен киттің суретін салуы керек. Ал қарсылық білдірсе ұйымдастырушылар баланың туысқандарын өлтіремін деп қорқытады екен.

         «Құрметті ата-аналар! Балаларыңыздың іс-әрекетіне және олардың телефондарында не бар екендігіне назар аударыңыздар. Қазір «Синий кит» немесе «Тихий дом» ойыны кең тарап кетті. Балаларды хат жазу арқылы басқарады, одан әрі өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізеді. Сақ болыңыздар!»,- деп айтылған мәлімдемеде.

         Толығырақ:https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/kazahstantsev-prizyivayut-obezopasit-detey-smertelnoy-igryi-311578/

НЕГЕ КӨҢІЛ БӨЛУ КЕРЕК:

1. Жасөспірімнің ұқысы қанбаса, тіпті ол ерте жатып ұйықтаса да. Оны бақылап көріңіз – таңертең ерте ұйықтап жатады ма, әлде ояу бола ма?

2. Киттердің, көбелектердің, мүйізтұмсықтың суретін салады ма?

3. Мына топтарда тіркелген бе: "Киты плывут вверх", "Разбуди меня в 4.20", f57, f58, "Тихийдом", "Рина ", "Няпока", "Море китов", "50 дней до моего...". Хэштеги: домкитов, млечныйпуть, 150звёзд, ff33, d28, хочувигру.

4. Егер достарымен хат алмасқан кездерінде "разбуди меня в 4.20", "я в игре" деген сияқты сөздер болса. Ал қабырғада 50 ден төмен қарай сандар болса тіпті қорқынышты.

5.Таныс емес адамдармен хат алмасса, олар белгісіз тапсырмалар беріп, хат жазғанын байқасаңыз.

                 СЕНІМСІЗДІК ҰЯЛАТАТЫН ХЕШ-тегтер: f53, f57, f58, d28, морекитов, тихийдом, хочувигру, млечныйпуть.