Ақсу қаласының

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Бір жылда84242
Бір айда13493
Бір аптада2783
Кеше375
Тәулік305
Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
мұғаліммен жұмыс - 193
өздігінен білім алу - 112
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 57
электрондық ресурстардан - 28
басқа формалар - 7
Дауыс бергендер саны: 397
Нәтижені көру
Сенім телефоны8 (71837) 2-44-04
150
11616
2016-17 оқу жылындағы «Мектепке жол» акциясының өту қорытындысы
15-10-2016 11:02

Биылғы оқу жылы акция «Бақытты балалық шақ мекені» ұраны аясында өтті. Жоспар бойынша 2016 жылға жалпыға білім беру қорынан  864000 теңге қаражат қарастырылды. Оның ішінде 664000 теңге тамақтануға және 164000 теңге «Мектепке жол» акциясы барысында оқу құралдары мен мектеп формасына жұмсалды.  Алдын ала жүргізілген жұмыс нәтижесінде гимназияда барлығы 13 азқамтамасыз етілген және көпбалалы отбасы балалары анықталды. Гимназия әкімшілігі мен сынып жетекшілердің жеке кәсіпкерлерге қолдаухат жазып, тікелей жұмысы нәтижесінде 41000 тг-ге көмек көрсетілсе, білім беру қоры арқылы 110000 тг-ге 11 оқушыға мектеп формасы және 54000 тг-ге 11 оқушыға оқу құралдары алынды. Демеушілік көмек арқылы 8-сынып оқушысына қалалық 11 өрт сөндіру бөлімі 20000 тг-ге спорт формасы мен оқу құралдарын, Сбербанк Ақсу бөлімшесі 3 «а» сынып оқушысына 13000 тг-ге спорт форма мен аяқ киім, жеке тұлға Мұхитова Айсұлу 8000 тг-ге оқу құралдарымен көмек көрсетті. Сондай-ақ 8 «ә» сынып жетекшісі Нургалиева Дария Амантаевна өз сыныбы оқушысына демеушілік көмек көрсетілуіне атсалысты. Сондай-ақ 1- сыныпқа келетін оқушылар мен олардың  ата-аналарына оқулықтар мен білім ордасының ішкі ережесі, күн  тәртібі туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді. 4 көпбалалы отбасы оқушыларына Сбербанк бөлімшесінен оқу құралдары табыс етілді. 13 оқушы жалпы білім қорынан тегін тамақпен қамтылса,  көпбалалы отбасынан 2 оқушы Аскер Мағжан Арнабекұлы Айбарысасхана арендаторы есебінен тегін ыстық тамақпен қамтылды және оқушылардың әлеуметтік жағдайы зерттеліп, тегін тамақпен қамту, оқу құралдарымен қамтамасыз ету жұмысы жалғастырылады.

ДТжО: Г.Бакирбекова