Ақсу қаласының

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Бір жылда83982
Бір айда13233
Бір аптада2523
Кеше375
Тәулік45
Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
мұғаліммен жұмыс - 193
өздігінен білім алу - 112
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 57
электрондық ресурстардан - 28
басқа формалар - 7
Дауыс бергендер саны: 397
Нәтижені көру
Сенім телефоны8 (71837) 2-44-04
150
11616
Сабақтың тақырыбы: Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктері. Дербес компьютер. 6-сынып. Информатика пәнінің мұғалімі Абылгазина Э.Т.
05-01-2015 04:22

Сабақтың мақсаты:

- компьютердің сәулеті туралы түсінік қалыптастыру, компьютердің негізгі қызмет ету функциялары мен негізгі мінездемелері туралы оқып-үренуді жалғастыру.

Сабақтың міндеттері:

- оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға, еркін сөйлей білуге, өз ойын жеткізе білуге, ортақ шешім шығаруға баулу;

- танымдық белсенділіктерін арттыру, алған білімін тәжірибеде қолданып, болжам жасау біліктіліктерін дамыту.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Модульдер:АКТ, СТОү, ТжДОЖ, ОЖЕСО, оқыту және оқудағы жаңа тәсілдер, оқытудағы  басқару және көшбасшылық, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Әдіс-тәсілдер:Проблемалық оқыту, жұптық, топтық, пікір алмасу әдістері.

Дереккөздер:оқулық: Информатика, 6-сынып, Е.А. Вьюшкова, Н.В. Параскун, Б.Қ. Әбенов. – Астана: «Арман-ПВ», 2013; Әдістемелік құрал, 6-сынып Е.А. Вьюшкова, Н.В. Параскун, Б.Қ. Әбенов. – Астана: «Арман-ПВ», 2013, интербелсеңді тақта, проектор, бейнеклип, презентация, флипчарт, стикер, маркерлер, бағалау парағы.

Оқыту нәтижесі: Сын тұрғыдан ойлау файлдарды мұрағаттауды танып-білді, өз ойын еркін жеткізіп, танымдық белсенділігі артты, білімін іс жүзінде қолданып, іскерлік қабілеттері дамыды.

Сабақтың кезеңдері

уақыт

Кіріктірілген модульдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының  іс-әрекеті

Білу

3 мин

АКТ,СТОү

                    2 топқа бөліну.

Тақырыпқа шығу үшін                        туралы презентация көрсетемін. Осы суреттер бойынша сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындайтын сұрақ қоямын:

- Жүйелік блоктың құрамына кіретін қандай құрылғыларды білесіңдер?

- Осы құрылғылардың ішінде қандай құрылғылар ең маңызды екен?

- Ал ол құрылғылар бір-бірімен қалай бірлесіп жұмыс істейтінің білесіңдер ме?

Топтарға бөлінеді. Көрсетілген презентация бойынша сабақ тақырыбын анықтайды.

-    жүйелік блоктың ішіндегі негізгі құрылғылардың қызметімен, олардың жұмыс істеу принципімен танысу,

-    компьютер құрылғыларының әрқайсысының бір-бірімен қалай өзара әрекет жасайтынын толық қарастыру.

Әр топтан бір баяндамашы сабақ мақсатын айтады.

Түсіну

 

15 мин

оқыту және оқудағы жаңа тәсілдер, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, басқару және көшбасшылық

 

Топтық жұмыс «Ойлан, бірік, бөліс»:

І топ: Дербес компьютердің сәулеті, шина түрлері.§7, 48 бет, таратпа материал.

ІІ топ: Аналық тақша, процессор, жедел жад құрылғылары, олардың қызметі.§7, 51бет, таратпа материал.

Постерге түсіру. Бір оқушы орындығына қызыл түсті стикер жабыстырып, сол оқушы топ басшысы болатынын айтамын. «Галлерея» әдісімен қорғау. Қызыл постер жабыстырылған тақта отырған оқушы спикер болып орнында қалады. Қалған оқушылар басқа топқа барады, сол топтың спикерін тыңдайды. Әр топ бір-бірін екі жұлдыз, бір тілек арқылы бағалайды.

Әр оқушы өзін бағалайды, ол үшін бағалау критерийлерін беремін.

Топтағы оқушылар оқулықтағы және таратпа материалды пайдаланып,  дербес компьютердің сәулеті деген не,

шианның қандай турлері бар екенін анықтайды, құрылғылар бір-бірімен қалай бірлесіп жұмыс істейтінің, 

аналық тақшаның құрылымын сызба түрінде көрсетеді.

Спикер постерді қорғайды.   

Орындығына стикер жабыстырылған оқушы топ басшысы болып, топ жұмысын басқарады. Соңында бағалау критерийлері бойынша оқушылар өз-өздерін бағалайды.

 

Қолдану

 

10 мин

ОЖЕСО

Жекелей жұмыс.

1-тапсырма.Компьютерде тәжірибелік жұмыс. Өздеріңнің жұмыс компьютерлерінің қасиеттерімен танысу. Ол үшін:

1. Менің компьютерім белгішесінде тышқанның оң жақ батырмасын шертіп, жанама мәзірден Қасиеттер (Свойства) бұрығын таңдау.

2. Жалпы (Общие) қосымшасында процессордың типін, процессордың және жедел жадтың сипаттамасын анықтаңдар.

2-тапсырма.Қатқыл дискінің (екеу болуы мүмкін) өлшемін, оның бос және бос емес көлемін анықтау. Ол үшін:

1. Менің компьютерім объектісін ашу.

2. С және D дискінің жанама мәзірін ашып, Қасиеттер бұйрығын таңдаймыз.

3. Дисілердің көлемін анықтау.

Нәтижелерін дәптерлеріне мынадай кесте түрінде толтырыңдар:

Құрылғының аты

Негізгі сипаттамасы

Мәні

Процессор

Типі

 

Тактілік жиілігі

 

Разрядтылығы

 

Жедел жад

Жадтың көлемі

 

Қатқыл диск

Жадтың көлемі

 

Топпен жұмыс. 3-тапсырма.

1-топ: сурет бойынша аналық тақшада орналасатын құрылғыларын бір-біріне қатынасын шынайы тақтамен салыстыра қарастыру қажет.

2-топ: сурет бойынша жүйелік блоктың артқы тақтасындағы порттардың түрлерін анықтап, берілген құрылғыларды жүйелік блокқа қосу қажет. Порттардың түрлерін атау қажет.

Әр оқушы бағалау парағына өзін бағалайды.

 

Тапсырманы орындап, тақтада көрсетілген дұрыс нұсқаны басшылыққа алып, тексереді.

Процессор Intel(R)  Celeron 2,8 GHz, жедел жад (DDR) 2 Gb, қатқыл диск (HDD) 465 Gb.

 

 

 

 

Талдау

 

5 мин

АКТ, СТОү, оқытудағы жаңа тәсілдер (жұптық диалог), оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Екі топқа тапсырмалар:

1-топ: Ролдік ойын «Компьютерлік дүкенде»

2-топ:  Жарнама. Компьютерлік фирма акция жариялайды. «Компьютерлер. Акция!»

Тапсырмаларды орындаған кезде интернет-ресурстарын қолдануға болады.

Әр оқушы бағалау парағына өзін бағалайды.

 

Талқылау барысында келесі шешімге келеді:

Жинақтау

 

5 мин

оқытудағы жаңа тәсілдер,  

«Детальдарын қосу» әдісі. Топта  жұмыс істеу кезінде сізге алынған білімдерін көрсету үшін сөйлемді кеңейтуіңіз қажет.

1.Процессор ақпаратты өңдеу құрылғысы

2.Дербес компьютердің электрондық компоненттері шиналар деп аталады.

3.Аналық тақша дербес компьютердің негізгі тақшасы.

4.Жедел жад ақапаратты уақытша сақтайды.

5.Жүйелік блок – барлық негізгі құрылғыларды құрайтын орталық бөлік.

6.Жүйелік блоктың артыңғы тақсаныда порттардың бірнеші түрі болады.

7.Тактілік жиілік – бұл процессордың негізгі сипаттамасы.

8.Бірінші процессор 1971 жылы шыққан.

 

«Детальдарын қосу» әдісі бойынша сойлемді кеңейту қажет.

Әр оқушы бағалау парағына өзін бағалайды.

 

Бағалау

Рефлексия

 

7 мин

 

ДжТОЖ,

оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

«Қымбат компьютер өте сенімді» деген пікірмен келісетін бір топқа, ал келіспейтіндер екінші топқа бөлінеміз. Өз ойларын талқыға саламыз.

Оқушылар бағалау критерийлері бойынша бағаларын қойып, тапсырады.  

Келісемін деген топ бір жаққа, келіспеймін деген топ басқа жаққа топтасып, өз пікірлерін дәлелдейді.

Әр оқушы бағалау критерийлері бойынша бағаларын айтып түсініктеме береді. Сабақтың қорытындысында стикерлер арқылы түсіндім, түсінбегенін білдіреді.

 

 

 


 

Компьютедегі тәжірибелік жұмыс

1. Өз компьютеріңде орнатылған программа-мұраттағышты іске қосындар.

2. Өздеріңнің қапшықтарынды  үнсіз келісім бойынша тағайындалған параметрлермен мұрағатқа орналастырыңдар (тышқанның оң жақ батырмасы – Добавить в архив)

3. Өздеріңнің қапшықтарынды жойыңдар.

4. Деректерді мұрағаттан қайта қалпына келтіріңдер (тышқанның оң жақ батырмасы – Извлечь в текущую папку).

1-топ

1. Жұмыс үстелінде Эксперимент қапшығындағы файлдардың әрқайсысын үнсіз келісім бойынша тағайындалған параметрлермен мұрағатқа орналастырыңдар.

2. Нәтижелерді мына кестеге енгізіңдер:

Файл

Файлдың бастапқы мөлшері

Мұрағаттың RAR пішіміндегі өлшемі

Документ.doc

 

 

Сурет.bmp

 

 

Фото.jpg

 

 

Өлең.mp3

 

 

Тақпақ.wav

 

 

 

 

 

2-топ

 

1. Жұмыс үстелінде Эксперимент қапшығындағы файлдардың әрқайсысын өздігінен ажыратылып алынатын SFX-мұрағаттар құрыңдар (Имя и параметры архива терезесінде Создать SFX-архив жалаушасын орнатамыз) және кестеге мәліметтерді толықтырыңдар

Файл

Файлдың бастапқы мөлшері

SFX-мұрағатының мөлшері

Документ.doc

 

 

Сурет.bmp

 

 

Фото.jpg

 

 

Өлең.mp3

 

 

Тақпақ.wav

 

 

Бағалау парағы

р/с

Оқушының аты-жөні

 

 

 

өткенді еске түсіру

берілген тапсырманы сипаттай алды

шығармашылығын көрсете алды

топ жұмысына белсене қатысты

практикалық жұмыс (компьютерде)

тапсырмала «Кестені толтыр

сұрақтарды құрастыру

«Компьютердегі барлық файлдарды мұрағаттау қажет» па, жоқ па пікір білдірді

жалпы ұпай