Ақсу қаласының

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Бір жылда84261
Бір айда12416
Бір аптада2069
Кеше220
Тәулік27
Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
мұғаліммен жұмыс - 193
өздігінен білім алу - 112
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 57
электрондық ресурстардан - 28
басқа формалар - 7
Дауыс бергендер саны: 397
Нәтижені көру
Сенім телефоны8 (71837) 2-44-04
150
11616
«Біз бақытты балалар өнер сүйген» атты балалар өнері фестивалінің сценариі.
12-04-2014 06:35

Өткізілетін орны: Гимназия мәжіліс залы

Өткізілетін уақыты: 9 ақпан 2014ж.

Жүргізушілер:  Перизат: Әсемгүл Омарғалиева

                             Жаман бала: Әсет Бүркітов

                             Жақсы бала:Дильназ Калиева

«Маленькая страна» әнінің әуені қосылады. Перизат сахнада ұйықтап жатқан сияқты боп, ояна бастайды.

Перизат:Керемет, мынау қандай жер, мен мұнда қалай келдім?

Осы кезде  сахна сыртынан Жаман бала мен жақсы бала бір-бірімен сөйлесіп шыға келеді.

Жаман бала:менің айтқаным дұрыс

Жақсы бала:қойыңызшы, мен Сізден кешірім сұраймын, бірақ бұл жерде менің ойым дұрыс деп ойлаймын

Жаман бала: туф, бәрібір менікі дұрыс боп шығады көресін.

Перизат:Балалар, тоқтаңыздар! Сәлеметсіңдер ме! Неге ұрысып бара жатырсыздар?

Жаман бала:Мен тауық жұмыртқадан бірінші пайда болды деймін, ал ол керісінше бірінші жұмыртқа пайда болды дейді

Жақсы бала:айтыңызшы, осы жерде кімнің ойы дұрыс?

Перизат:Балалар, бұл мәселенің шешімін әлі ғалымдар да толықтай зерттей алған жоқ, сондықтан босқа таласпаңдар!

Жаман бала:  Ал осының бәрін білетін сен кімсің?

Жақсы бала: Жаман бала, қандай әдепсіз едің, үлкен кісіден осылай сұрай ма екен? (Перизатқа ақарап)Кешіріңіз, біз Сізбен дұрыс амандасқан да, танысқан да жоқпыз. Мен Жақсы баламын, ал мынау сотқар Жаман бала, ал Сіз кім боласыз?

Перизат; Танысқаныма қуаныштымын, мен Мейрімділік перизатымын, жер жүзіндегі мейірімді адамадарды іздестіріп жүріп, қатты шаршап ұйықтап қалыпппын. Енді оянып көзімді ашсам, осы жерде екенмін. Балалар, айтыңдаршы мен қай жерге тап болдым, бұл не деген ел?

Жақсы бала: Қадірлі перизат, Сіз өзіңіздің іздегеніңізді осы жерден табасыз, өйткені бұл

Екеуі:Мейрімділікке жетелейтін ғажайып ел.

Жаман бала:Ал олай болса, жүріңіз, біз Сізді осы елмен таныстырайық

Жақсы бала:Жаман бала, сен ештеңе ұмытқан жоқсын ба? Қарашы мында қаншама көрермендер отыр, не істеу керек?

Жаман бала: ААААА, амандасу керек.(Сахнадан түсіп барып, қол алысып амандаса бастайды)

Жақсы бала:Тоқта не істеп жатырсын? Мында кел? Көпшілік халықпен бас иіп, салеметсіздер ме деп амандасу керек

Перизат: Дұрыс айтасың, қайырлы күн, қадірменді жиналған қауым.

Жаман бала: Сәлем, достар!

Жақсы бала: Ал кіммен қалай сәлемдесу керек екенің Сіздерге ..... айтып береді. Қарсы алыңыздар!

Сәлем бер!

Келе жатсың оқудан

Көңілің бір кемеңгер

Көлеңкеде отырған

Көрші апаңа сәлем бер

 

Бақ ішінде жотада

Тартылып жатыр асыл күй

Алма жиған атаңа

Қол қусырып басыңды

 

Көңілінде тәтті үміт

Өзің барда жоғалмас

Қой қайырған ат мініп

Ағамен де амандас

 

Осындай сені бір көрген

Артады ғой ел сенім

Сәлем берсең үлкенге

Үлкейгенің ол сенің

«Маленькая страна» әнінің әуені қосылады. Перизат, жаман бала, жақсы бала шығады.

Жақсы бала:Көрдіңіз бе, біздің балалар өте әдепті, тек осы жаман баланы ғана бір үйрете алмай келе жатырмыз.

Жаман бала: Перизат, ал сіз жаңа ұйықтап қалғанда түс көрдіңіз бе?

Перизат: Ия, өте тамаша түс көрдім, әлемдегі барлық адамдар мейірміді болып, мен солардың ішінде арқама қанат бітіп ұшып жүр екен деймін

Жақсы бала: Ал біздің Меруерт есімді құрбымыз Сізге өзінің «Ғажайып түсін» айтқысы келеді екен, тындаймыз ба?

Перизат: Әрине тындаймыз.

Жаман бала:Сахнада «Ғажайып түс» әнімен Кабулдинова Меруерт 4а сынып оқушысы

Перизат: Өте керемет екен. Расында да бұл ғажайып елдегі балалар өнерлі де дарынды екен, ал осындай мейірімділікке, әдептілікке апаратын жолды Сендерге кім көрсетті?

Жақсы бала: Қалай? Сіз білмейсіз бе? Мұндай жолды көрсете білген Сара Алпысқызы Назарбаева ғой. Бір сәт мына жердегі экранға назар аударыңызшы!

Экранда Сара Алпысқызы  туралы бейнефильм көрсетіледі.

Жақсы бала:Біздің оқушылардың, Сара Алпысқызына, арнаған өлеңдері бар. Назар қойып тыңдаңыздар!

С.А Назарбаева туралы өлеңдер оқылады

Перизат:Тамаша, дүние жүзіндегі барлық аналар осы Сара ападай болса ғой шіркін!!!

Жаман бала: Перизат, қараызшы мен қалай істей аламын(рожица көрсетеді)

Жақсы бала:Тууф, қандай тәртіпсіз едің, одан да біздің Ғажайып елдің балаларының өнерін көрсетейік те, олар ән де салады, би де билейді, көрініс қойып, мәнерлеп өлең де оқи алады.

Перизат:Ал олай болса балалардың өнерін тамашалайық!

Жақсы б.:«Балдәурен» әні, сахнада Баяманова Гүлден мен Рымбаева Меруерт

Жаман б: 2 сыныптың кішкентай бишілерін қарсы алайық

Жақсы бала:Әже мені айналайын дейді

                       Атам мені айналайын дейді

                      Келші ботам өзіңді

                      Еркелетіп аймалайын дейді

«Айналайын»әнін баршаңызға тарту ететін «Жас әуен» вокалдық тобы

 

Перизат пен балалар шығады

 

Перизат: Өте өнерлі балалар екен. Ал сендер жаман қылықтарды білесіңдер ме?

Жаман бала: Мен білемін. Сотқарлық, әдепсіздік, жалқаулық...

Жақсы бала:Тоқта, тоқта, сенің жаман әдеттерді білетініңді біз де білеміз, бірақ біздің балалар мұндай қылықтардан алыс жүруге тырысады.

Перизат:Ал қанекей оны да көрейік

Жаман бала:Сахнада 5а сыныбының Жалқаубектері, ой, кешіріңіздер оқушылары.

 

Жалқаулық туралы миниатюра қойылады.

 

Жақсы бала: «Жас әуен» вокалдық тобының кішкентай мүшелерінің орындауында «Балалық» әнін қабыл алыңыздар!

 

Жаман бала: Ал, халайық тұрмайық.

                        Әндетейік шырқайық.

                        Думандатып би билеп,

                        Ортамызды ашайық.

«Қазақ биі» сахнада «Айгөлек» би  ансамблі

 

«Балалық шақ»

 

Перизат пен балалар шығады

 

Жақсы бала:Жақсылықтан үйреніп,
                        Боламыз біз жақсы адам.
                        Жамандықтан жиреніп,
                        Үлгі аламыз жақсыдан.


Жаман бала: дұрыс айтасын, қымбатты Перизат, бізді жақсылыққа, адамгершілік пен шығармашылыққа жетелейтін ұстаздарымыз бар.

 

Перизат:Ал мені сол ұстаздарымен таныстырасыңдар ма?

 

Жақсы бала: Әрине, міне мұғалімнің өзі де келе жатыр, Гүлбану Абусыздыққызы, танысып қойыңыздар!

 

Жаман бала:Мұғалім, біз Мейірімділік перизатына, біздің ғажайып елдің барлық кереметтерін таныстырып келеміз.

 

Г.А: Сәлеметсіңдер ме балалар, амансыз ба Мейрімділік перизаты! Танысқаныма өте қуаныштымын. (Өзін-өзі тану туралы сөздер)

Шығармалар мен суреттер нәтижесі бойынша марапаттау өтеді. Барлық жеңімпаздар сахнада қалады.

 

 

Жақсы бала:Өзіңді тану-ғаламды тану,

Жақсы менен жаманды тану.

Өзіңді-өзің талқыға салып,

Адал менен арамды тану.

Қателігіңді түсіне білу,

Дұрыс жүріп, күтіне білу.

Жаман бала:Үлкенді сыйлап, кішіні сүю,

Күлетін жерде жөнімен күлу.

Сабақты оқып, тәртіпті болу,

Білімді жинап, дүниені шолу.

Өзіңді –өзің тану дегенің,

Өз мойындағы мінді жою!

Перизат:Балалар мен ұстаздар, мен Сіздерді кездестіргеніме риза болып, ғажайып елдеріңмен таныстырғандарыңы алғысымды білдіремін. Сендердей өнерлі, дарынды, адамгершілік қасиеттері мол, мейірімді балалар бүкіл дүние жүзінді бақытты өмір сүрсін дегім келеді. Сіздерге менің де бір музыкалық сыйлығым бар, Қабыл алыңыздар!

Перизат «Ұят болмасын» әнін орындайды.Сахнаға барлық фестивальге қатысушылар қолдарына шарлар мен гүлдер алып шығады.

Жаман бала:Мен енді тәртіпті боламын.

Жақсы бала:Келесі кездескенше, қош сау болыңыздар!