Ақсу қаласының

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Бір жылда59236
Бір айда929
Бір аптада369
Кеше64
Тәулік77
Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
басқа формалар - 299
мұғаліммен жұмыс - 198
электрондық ресурстардан - 183
өздігінен білім алу - 112
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 57
Дауыс бергендер саны: 849
Нәтижені көру
Музыка. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық. «Мұрагер» бағдарламасы бойынша
15-10-2014 08:59
Музыка. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық. «Мұрагер»  бағдарламасы бойынша

Балалар!

Ұлы жыраулар өнегесін алайық, әлем музыка мәдениетімен сусындайық!

Сен жаңа кітаптың бетін ашқалы отырсың.

  Бұл кітап арқылы жыраулардың

терме-толғауларымен танысып,

ата-бабалар тарихына терең бойлай  аласың.

Ұлы жыраулардың өнегелі-өсиет сөздері

сені даналық пен ойшылдыққа жетелейді.

  Қазақ тарихынан биік орын алған жыраулар,

 ұлағатты сөзін ұрпаққа мұра етіп қалдырған.

Ұлы жыраулар үлгі-ұлағаттының ізімен өз ойыңды өрбітіп

 өсиет сөздеріңді шығара бастайсың. 

Нақты пікірің мен өз ойыңды ашып айтуға дағдыланасың.

Ендігі сенің міндетің -

 қастерлі сөздің қасиетін құрметтеп,

 оны келешек ұрпаққа қалдыру.

Бұл оқулықта әлем халықтарының музыка өнерімен танысасың. Қазақ және түбі бір туыстас, түркі тектес халықтардың эпостық жырларын біліп, олардың ортақ тұстарын түсінетін боласың.

Енді сен түркі-монғол халқының құдіретті көмеймен айту дәстүрін біліп, үндінің «рага», шығыстың «маком» сынды музыка өнерінің ғажайып сырын ашасың.

Әлем халықтарының би өнері арқылы олардың дәстүрі мен мінез-құлқын түсінесің.

Күн шығыс халқының Гагаку және Кабуки театрымен танысасың.

Бұл оқулық музыканың қалай пайда болып, қай жерде орындалатыны туралы айтып береді.

Осы жолда саған сәт сапар тілейміз!