Ақсу қаласының

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Бір жылда84017
Бір айда13268
Бір аптада2558
Кеше375
Тәулік80
Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
мұғаліммен жұмыс - 193
өздігінен білім алу - 112
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 57
электрондық ресурстардан - 28
басқа формалар - 7
Дауыс бергендер саны: 397
Нәтижені көру
Сенім телефоны8 (71837) 2-44-04
150
11616
Алтын сақа (қазақ әдебиетінен танымдық ойын). Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Нургалиева Д.А., Шапауова А.С.
01-10-2014 09:15
Алтын сақа (қазақ әдебиетінен танымдық ойын). Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері Нургалиева Д.А., Шапауова А.С.

Мақсаты:

  • Түрлі сұрақтар арұылы оқушыларға жырдың мазмұнын меңгерту.
  • Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, мәнерлеп оқу дағдысын жетілдіру.
  • Оқушыларды алғырлыққа, шапшаңдыққа, туған халқымыздың әдет-ғұрпын қадірлей білуге тәрбиелеу.

Жоспар:

І бөлім. Табалдырық.

ІІ бөлім. Әудем жер.

ІІІ бөлім. Қозы көш.

ІV бөлім. Беласар.

V бөлім. Жолайырық.

VI бөлім. Алтын көмбе.

І. Табалдырық.

Залда отырған оқушыларға 4 сұрақ қойылады. Дұрыс жауап алынғаннан кейін 4 оқушы 4 түрлі күймеге мінеді.

1.     Тұрмыс салт жырларына қандай жырлар жатады?бесік жыры, тұсаукесер, жар-жар, тойбастар, беташар, бата-тілек, жоқтау, қоштасу, сыңсу).

2. Таусоғар, Көлтауысар, Желаяқ, Бапы хан, Ерназар, перінің қызы Бекторы қай ертегі кейіпкерлері? /Ертөстік/

3. Лиро-эпостық жырларда кездесетін салт-дәстүрлер қандай?  /Қыз ұзату, қоштасу, ежеғабыл-құдаласу, сауын айту, естірту, әмеңгерлік  т.б/

4.  Эпостық жырлардың басты кейіпкерлерін атаңдар?

ІІ. Әудем жер.

Оқушылар 4 түрлі күймеге мінеді. (Қызыл,сары, көк, жасыл) Өздері жөнінде мәліметтер береді. Күйменің түсіне қарай 4 асық алынады. Бірінші жауап беру үшін асықтары иіріледі. Қай асық алшысынан тұрса, сол бірінші жауап береді.

1. Алшы 2. Тәйке 3. Шік 4. Бүк

Әр күймеде алты асықтан болады. Жауап бере алмаған немесе асығы алшысынан түспеген оқушы ойыннан шығады және асықтары ханталапайға түсіп, бөлініп беріледі.

ІІ. Әудем жердің сұрағына дұрыс жауап бергендер Қозы көшке өтеді.

ІІІ. Қозы көш.

ІV. Беласар.

V. Жолайырық.

Жолайырыққа жалғыз оқушы жетеді. Осы жерден жол екіге айырылады. Оқушы 24 асықты алып, елге қайтуына болады немесе «Алтын көмбені» ойнауына болады. «Алтын көмбенің» сұрағына жауап бере алмаса, үлкен сақаны иіреді, асық алшысынан түспесе де ұпай жинайды.

І.Табалдырық.

1. Саған айтпай сөзімді кімге айтайын?

Ұялмай үйге қайтып бос қайтайын.

Өлсем де, ашып берші, бір тояйын.

Мағшардағы күнәсін мен тартайын, — деп айтқан кім? (Қарабай)

2. – Қареке- ау, хан болыпсыз, сізді көрдік.

Жасы үлкен бай екенсіз, сәлем бердік.

Сарекем дүние салып кеткеннен соң

Біз биыл құдіретпенен ие көрмедік?- деп айтқан кім? (Танаш)

3. Сөзінен ызыңдаған қыздар өлді.

Амалсыз шақырған соң келіп еді.

Жылап жүріп үйінің бауын шешіп,

Талқан қып неше нарға артып берді екен қызы? ( 90 нарға)

4. Қарабайдың екі қызы көшерде ел – жұртымен қалай қоштасты?

ІІ. Әудем жер

1.Жаратқан бәрімізді тәңірім күшті,

Бұл дүние ойлап тұрсам енді екі ұшты.

Мен түсімнен шошынып бүгінгі түн,

Менің сәлдем басымнан жерге түсті.

Тазша алғашқы түсінде не көрді?

2. Сейілге ханым неше кісімен шығатын еді?

Ер Тайлақ ташшасына жарлық етті.

Тайымен қотыр ала Тазша кетті.

Сейілде қырық кісімен ханым жүрсе,

Алдынан қарама-қарсы кедей кепті.

3. Ханым құдалық жөнінде кіммен сөйлесті?

Мінезі Қарабайдың жаннан асты.

Тайлақ биге айтады ханым тұрып,

Сонымен кел сөйлесіп құдалықты.

ІІІ. Қозы көш

1. Тайлақ би Қарабайға кімді жіберуді жөн көрді?

Ханым-ау, Қарабайың құрып қалсын,

Келуге жарамаған құдай алсын.

Мен барсам тек келмеймін сол итінмен

Жалғыз ұлым сол Танаш барсын.

2. Баянды іздеп Балталыдан алғаш келген кім?

Осындай болса керек ердің ісі

Жаңа бір тақ таңдай –тұғын кенді жері

Елінен намыс үшін іздеп шықты.

Тайлақтың кенже інісі Айбар сері.

IV. Белбасар

Кімнің сөзі?

«Қозекем келдің депті,

Аман-есен, қарағым көрдің» депті.

Есен-аман екеуі көріскен соң,

Қайғының ішіндегі бәрі кетті. (Баянның)

V.Жолайырық

-Ай, Таңсық екі қызым қайда?

Қақпас шешең тілімді тіпті алмайды.

Бір пайдаңды тигізші осындайда.

Қарабай бұл сөзді қандай жағдайда айтады?

VI. Алтын көмбе

Қодар, Қарабай қандай асқа кетті?

Сауын айтқан кім?

Қорытынды.

Ойынның қорытындысында жеңімпаз анықталады.