Ақсу қаласының

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Бір жылда84263
Бір айда12418
Бір аптада2071
Кеше220
Тәулік29
Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
мұғаліммен жұмыс - 193
өздігінен білім алу - 112
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 57
электрондық ресурстардан - 28
басқа формалар - 7
Дауыс бергендер саны: 397
Нәтижені көру
Сенім телефоны8 (71837) 2-44-04
150
11616
"Тәуелсіздік тұғыры - мемлекеттік тіл". Мұхитов Қасымхан, 11-сынып оқушысы
17-10-2013 18:23

      Тәуелсіздігімізді алған жүрек жарды қуанышымызға биыл тағы тағы бір жыл қосылды. Егемендігімізді алып, ел болған жылы туған сәбилер жиырма жасқа толғалы отыр. Бұл әрине аз уақыт  емес. Осы жылдар ішінде елімізде қаншама өзгерістер болды. Іргеміз бүтінделіп, шаңырағымыз биіктей түсті. Бұрынғы Ақмола қаласы жаңа астанаға айналды. Бұл біз үшін ең ірі елеулі оқиға. Осындай ірі сәулетті жаңа астанамыз біздің мақтанышымыз болып қала береді. Ондағы түрлі ғимараттар, оқу орындары, қаланың көркемдігі өз алдына бір әңгіме.

      Әрине, тәуелсіздігімізді алу біз үшін оңайға соқпағанын естен шығармауымыз керек. Жаңа мемлекетімізді құру жолында құрбан болған, жапа шеккен жастарды еш ұмытпауымыз керек. Олар жарқын болашақ үшін өмірлерін құрбан етті. Қаншамасы денсаулықтарынан айырылып, зардап шекті. Жылдар бойы оның азабын  тартты. Оқуынан қол үзіп мүгедек болып қалғандары ше? Бүгінде олар орта жасқа келіп, өмірдің тауқыметін тартуда. Үкіметіміз олардан көмегін аяған емес. Үнемі қорғап қолдайды. Осындай аласапыран уақытта жазықты болып қалғандары уақыт өте келе ақталып қатарға қосылды. Бүгінде олар ел тізгінін ұстап, халқына қызмет етуде. Желтоқсан оқиғасының басы қасында болған нағыз күрескер жандар солар.

      Сол бір он алтыншы желтоқсан күні қақаған аязда болған оқиғаны еске түсіру сондай ауыр. Қаншама ата-аналар қайғы жұтып, көз жастарын көл қылды. Олардың іштеріндегі қайғы қасіреті ән болып туып, өлең болып жазылды. Қағазға түскен сол жазулар мәңгі өшпес емес. Кітап болып басылып, ұрпақтан-ұрпаққа тарайды. Сондықтан да олар мәңгі ұмытылмайды. Суретке басылған бейнелері мәңгі сақталады. Олар сол бір албырт, пәк жас күйінде қалады.

   Бүгінде біз көк байрағымызды желбіретіп бір мемлекет болып отырмыз. Қара қазақты білмейтін ел жоқ десе де болады. Ел басшылары да, елшілеріміз де, спортшыларымыз да, әнші, биші, күйшілеріміз де дүйім қазақты жалпақ елге танытуда. Біздің елбасымызды дүниежүзі біледі. Мемлекетіміз оның басшылығымен қалыптасып, нығайып дамыды. Нарықтық экономикаға көшу барысында халықтың әл-ауқаты жақсарды, олардың денсаулығына көп көңіл бөлінді. Жастарға білім беру аясында да көптеген өзгерістер болып жатыр. Бір ғана Назарбаев атындағы университет неге тұрады. Жер-жерлерде, тіпті шалғай аудандарда, ауылдарда “Жүз мектеп, жүз аурухана”  бағдарламасы бойынша жаңа ғимараттар салынып, тапсырылды. Осының бәрі білім беру саласында, халықтың денсаулығын жақсартуда өз үлесін қосты. Көптеген адамдар жұмыспен қамтамасыз етілді. Қазақша сөйлеу, қазақ тілін нығайту жолға қойылды. Осы орайда тілшілер, жарнама берушілер арасында көптеген конкурстар ұйымдастырылды. Осы бір ірілі-ұсақты істердің бәрі тілімізді көркейту мақсатында жүргізіліп жатыр.

    Жақында ғана Астанада Еуропа қауіпсіздігі мен бейбітшілігінің саммиті болып өтті. Ол да біздің еліміздің мәртебесінің биіктегенін көрсетеді. Біздің Астанамызда шет елден келген қонақтарды үлкен қошеметпен лайықты түрде қарсы алды. Осы саммиттің өтуіне Астана жұртшылығы бір кісідей ат салысты. Күні кеше ғана Қазақстанда  болып өткен жетінші қысқы Азиа ойындарында біздің құрама керемет ойын өрнегін көрсетіп, жалпы командалық есепте көш басынан көрінді. Бұл да біздің Қазақстанның бір үлкен мәртебесі.

    Міне, біз тәуелсіздігімізді алғаннан бері көптеген игі істер атқарылып жатыр. Болашақта да заман талабына сай талай істер атқарылатына сенімдімін. Қазақ елі қашанда ұлы дүрмектен қалыспай, ілесіп отырған. Тұрмысынан көнбіс, қабілетті әрі ақылды қазақ халқы қандай қиындықты да жеңе білген. Өйтпегенде біз бүгінгі жетістігімізге жетпенген болар едік. Қазақстан деген мемлекетіміз болмас еді. Онда біз өзге бір мемлекеттің қол астында елеусіз ғана күн кешер ме едік? Сондықтан да мен  тәуелсіздігімізді алған өз елімді мақтан етемін. Оған жүрегім жарыла қуанамын. Аталарым, бабаларым армандаған асыл арманымызға қол жеткіздік. Қашанда бауырымыз бүтін, іргеміз берік, көк байрағымыз желбірей берсін! 

                    Қазақстаным шарықтады,

Көк байрағы желбіреп.

Қыран құсы қалықтады,

Самғай ұшып, биіктеп.

Еркін қазақ елжіреді,

Республикам осы деп.

Атқан таң да алаулады,

Шуақ шашып мөлдіреп.

Асыл арман асқақтады,

Жүрек шіркін дірілдеп.

Барша қазақ елжіреді,

Егемендік осы деп.