Ақсу қаласының

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Бір жылда84017
Бір айда13268
Бір аптада2558
Кеше375
Тәулік80
Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
мұғаліммен жұмыс - 193
өздігінен білім алу - 112
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 57
электрондық ресурстардан - 28
басқа формалар - 7
Дауыс бергендер саны: 397
Нәтижені көру
Сенім телефоны8 (71837) 2-44-04
150
11616
«Елім менің ... ». 11-сынып оқушылары арасындағы танымдық интеллектуалдық ойын. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ғазиз.Е.Ғ. 28.09.13
16-10-2013 18:05
«Елім менің ... ». 11-сынып оқушылары арасындағы танымдық интеллектуалдық ойын. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Ғазиз.Е.Ғ. 28.09.13

Ойын барысы 7 кезеңнен тұрады.

Интеллектуалдық ойынның мақсаты:Оқушылардың дүниетанымдық көзқарастарын кеңейтіп, Отанға, туған халқына деген сүйіспеншілікті ояту. Елінің кең байтақ мекені мен ондағы құндылықтарды дәріптеуге тәрбиелеу. Әр оқушшының рухани азығы – ұлтын, тілін, дінін, ділін құрметтеуге баулу. Жалпы патриоттық сезімін дұрыс қалыптастыру.

Интеллектуалдық ойынның міндеті:ҚР «22 қыркүйек тілдермерекесі» айлығына орай ұйымдастырылған іс-шаралардың маңыздылығын дұрыс жүзеге асыру көзделді.

1-кезең: «Бәйге»:

Әр топ мүшелеріне 1 минут ішінде 10 сұрақ беріледі. Әр сұрақтың дұрыс жауабы 1 ұпаймен бағаланады.

1 топ:

1)    Жылдың төрт мезгілі туралы шығармалар топтамасын жазған қай ақын?  (А.Құнанбаев)

2)    «Қожа, сен  көшедегі иттерді тәртіпке салу үшін ауылда қалатын болдың»,-деп Қожаны келеке ететін кім?(сыныптасы Жантас)

3)    Әнұранның сөзін жазған авторларды атаңыз (Н.Назарбаев және Ж.Нәжмиденов)

4)   Мұстафа Өзтүрік спорттың қай түрінен «жетінші дан иегері» атанды?  (Тайквандо)

5)    Ең ұзақ жасайтын сүтқоректі? (Адам)

6)    Қазақ ұғымы бойынша, «үш қадірсізге» не жатады? Яғни, қолда барда ненің қадірі біліне бермейді?(Жастық, денсаулық, жақсы жар)

7)    Қыз Жібектің сыңары кім?(Төлеген)

8)    Екі қатынастың теңдігі?(Прапорция)

9)    Ә.Молдағұлова мерген бе, ұшқыш па? (Мерген)

10)  «Тұмау» сөзін орыс тіліне аудар? (Грипп)

2 топ:

1)   М.Мақатаев жырлап өткен «үш бақытты» атаңыз (Халық, тіл, Отан)

2)    Фернан Магелан ашқан мұхит қалай аталады? (Тынық мұхиты)

3)    Еңліктің сыңары кім? (Кебек)

4)    Қазақта «құла», «баран», «күрең» сияқты түстер қай түлікке қатысты қолданылады? (Жылқыға)

5)    Желмаяға мініп шұрайлы жер іздеген тарихи тұлға, әрі аңыздағы кейіпкерді ата (Асан Қайғы)

6)    Тарихтың атасы кім? (Гередот)

7)    Дәстүрлі мүшел есебініңбірінші жылы (Тышқан жылы)

8)   Қазақ еліне танымал таудың ең биік шыңына сай атауы бар топты атаңыз? («Музарт»)

9)    2008, 2012 жылдарда өткен жазғы олимпиада жарысында штангы көтеруден екі дүркін әлем чемпионы атанған спортсменді атаңыз (Иьля Ильин)

10)   Шеңбер, радиус, сантиметр, куб, формула, қосу, алу терминдері ғылымның қай саласына жатады? (Математика)

2-кезең: «Сен білесің бе?»:

Әр топ мүшелеріне бейне сұрақ жасырылады. Әр сұрақтың  дұрыс жауабына 10 ұпай қойылады.

1-ші бейнебаян: «Сен білесің бе?» Көне жазу

1-ші сұрақ: Сен білесің бе?  «Ежелгі көне жазу тасқа қашалып жазылған «Сына жазуы» деп аталды. Яғни, бұл жазулар тізбегіне Талас аңғарынан табылған жазулар енеді. Бұдан басқа қай мекеннен табылған жазулардың көшірмесі Астана қаласының Гумелев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің төрінен орын алды? (Солтүстік Монголия елді мекенінен табылған көне түркі  ескерткіші «Күлтегін жыры»)

2-ші бейнебаян: «Сен білесің бе?» Тәуелсіз қазақ елі өзін әлемдік аренада таныстыру үшін және қазіргі қолданылып отырған әліпбидегі кейбір қолбайлауларды негізге алып, латын әліпбиіне көшуді ұйғарды. Ендеше, сұрақ мынадай ҚР латын әліпбиіне қай жылы көшеді? Бұл мәселе жеделдетіліп, бұрын белгіленген уақытынан ерте қолға алынуда. Алғаш және соңғы қабылданған жылдарды атаңыз (2025 жылы, бірақ 2017 жылға ауыстырылды).

3-ші бейнебаян: «Сен білесің бе?» Қазақ елінің ұлттық болмысы мен тілін, ділін, дінін, рухын көтеруді қолға алып, оның келер ұрпаққа дұрыс жетуін насихаттап жүрген ел ағалары көп. Ендеше, өз кезінде елінің ұлттық ерекшелігін, колориясын, жалпы қазақи менталитетті жақсы танытқан мына бейнебаянның орындаушысы әрі сөзін Елбасы Н.Ә.Назарбаевпен бірлесе жазған автордың толық есімі кім?

 

3-кезең: «Төмендегі тұлғалардың есімдер тап!»

 

Әр сұрақтың дұрыс жауабына 1 ұпай қойылады

 

1 топ: Абай Құнанбайұлы, Шоқан Уәлиханов, Әміре Қашаубаев, Бейімбет Майлин, Б.Соқпабаев

 

2 топ: Мұқағали Мақатаев,Мұхтар Әуезов, С.Торайғыров, Ж.Аймауытов, Ж.Молдағалиев

 

 

4-кезең: «Қиыннан қиысқан сөздер...»

Әр топ мүшелері арнайы берілген әріптерден сөз құрастырады. Әр сұрақтың дұрыс жауабына 1 ұпай қойылады.


Балта

Бал

Тал

Ал

Ала

Тала

Таба

Ат

Бат

Бала

Ата

Бата

 

 

 

 

 

Тарақ

Тара

Ара

Арақ

Қарат

Тарат

Қар

Тар

Қатар

Ата

Татар

атар

5-кезең: «Тілін білмеген түбін білмейді…»

Әр сұрақтың дұрыс жауабына 10 ұпай қойылады.

1)Ел ағаларының қазақ тілі туралы айтқан пікірлерін айтып беріңіз

2) “Тілін білмеген түбін білмейді ...”тақырыбына сай өзіңнің туған тілің туралы өлең жолдарын құрастыр

6-кезең: «Мақал-мәтелдер – халық өмірінің айнасы»

Әр сұрақтың дұрыс жауабына 1 ұпай қойылады.

«Алты» саны қатысқан мақал-мәтелдерді келтіріңіз

7-кезең: «Жеті жұрттың тілін біл, Жеті түрлі білім біл …»

Қазақ тілі: Берілген мақал-мәтелдерді жалғастырыңыз

Әр сұрақтың дұрыс жауабы 10 ұпаймен бағаланады

Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады

Ерлік білекте емес,  жүректе

Оқу – білім азығы, білім – ырыс қазығы

Ақыл - жастан, асыл - тастан

Еңбекпенен ер көгерер, жаңбырменен жер көгерер

Орыс тілі: Берілген сөздерді аударыңыз

Қылтима -.../балкон/

Несие - .../кредит/

Кешен - .../комплекс/

Желі - ../сеть/

Ағылшын тілі: Берілген мақалды қазақ тіліне аударыңыз 

Afriend in need is a friend indeed – Нағыз дос қиындықта қалдырмайды

Берілген мақалды ағылшын тіліне аударыңыз:

Өз үйім - өлең төсегім- East or West, home is best

Интеллектуалдық ойынның нәтижесі:11-сынып оқушылары өзара екі топқа бөлініп сайықа түсті /1-топ: «Ұлан», 2-топ: «Алаш»/. Сынған түскен екі топтың арасынан бірінші «Ұлан» тобы ойын барысында 142 ұпай жинап, жеңіс тұғырына жетті. Ал «Алаш» тобы 127  ұпаймен екінші орынды иеленді.

Қазылар алқасының мүшелері:Тулеубаева Г.Б. («Үш тұғырлы тіл» бөлімінің жөніндегі меңгеруші)

                                       Бақырбекова Г.А. (Директордың тәрбие ісінің меңгерушісі);

                                        Сабиганова С.А. (Ағылшын тілі пәнінің ұстазы);

                                        Умирбекова О.К. (Мектеп психологы)