Ақсу қаласының

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Бір жылда84227
Бір айда13478
Бір аптада2768
Кеше375
Тәулік290
Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
мұғаліммен жұмыс - 193
өздігінен білім алу - 112
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 57
электрондық ресурстардан - 28
басқа формалар - 7
Дауыс бергендер саны: 397
Нәтижені көру
Сенім телефоны8 (71837) 2-44-04
150
11616
3-сыныптар арасында «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» атты сайысы. Бастауыш сынып мұғалімдері М.С.Елубаева, А.Р.Омарова. 25.09. 2013 ж.
16-10-2013 17:50
3-сыныптар арасында  «Өлең - сөздің патшасы, сөз  сарасы» атты сайысы. Бастауыш сынып  мұғалімдері М.С.Елубаева, А.Р.Омарова. 25.09. 2013 ж.

«Өлең -  сөздің патшасы, сөз  сарасы»

Сабақтың мақсаты:Ана тіліне арналған өлең шумақтары мен әндер айту.Оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, ана тілін қастерлеуге баулу.

Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.» – деп  бүгінгі  сайсымызды  бастамас  бұрын  әділ  баға  беретін  әділқазылармен  таныстырып  өттейік.  

Топтар  ортаға  шығып   топ  аттарымен,  ұранымен  таныстырады.

1-айналым

Тапқыр  болсаң   тауып  көр. Өлең  жоларын   дұрыс  құрастыру.

1 - топ

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан, 

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан. 

Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма, 

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан?

2 - топ

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, 

Соқыр-мылқау танымас тірі жанды, 

Үсті-басы — ақ қырау, тусі суық, 

Басқан жері сықырлап, келіп қалды. 

 

2 - айналым.

Есіңе   түсір.  Демекші   екі   топтан  бір  оқушы  шығып  мәнерлеп   тіл  туралы  өлең  жатқа  айтады.

3 - айналым

Суретшінің  қолы  алтын  демекші, әр  топқа  өлең   шумағы   беріледі сол  шумақтың  мазмұнына  байланысты  сурет  салу.

1 –топ

Түйе боздап, ?ой ?оздап—?орада шу,

Көбелек пен ?ұстар да сайда ду-ду.

Гүл мен ағаш майысып ?арағанда,

Сыбдыр ?ағып, бұлаңдап ағады су.

2 – топ

Жылы-  жылы  жел  соқты,

Жылғалардан    су  ақты.

Қаңқыл -  қаңқыл    қаз   кепті.

Жер   қарайды -  жаз  кепті.

Желкілдейді  көк  майса.

Желіндейді  мал  жайса.

Топтар  сурет  салып  болғанша,  жанкүйерлермен  мақал- мәтел  айтып   жарысу.

 

 

4 – айналым.

Кім   шапшаң?

Әр  топқа   өлең  жолдарының  басы   айтылады    топ әрқарай  жалғасмтыру.

5  -  айналым 

Жалғасырып  көр. Өлең    құрастыру.

1 -  топ

Әлди,әлди  баламыз,

Қолға   кезек  аламыз.

Осы  бала   туды  да

Асты   біздің   бағамыз.

...............баламыз

............... аламыз.

Осы    бала ............

Асты  біздің.............

 2 -  топ

Туған   жерді  сүйеміз,

Шымыр  болып   өсеміз.

Ыстық   күнге    күйеміз,

Салқын  суға  түсеміз.

..................  сүйеміз,

................    өсеміз.

Ыстық .....................

Салқын  суға..............

6 -  айналымЖан  күйерлермен   жұмбақ  шешу