Ақсу қаласының

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Бір жылда83793
Бір айда13564
Бір аптада2601
Кеше519
Тәулік70
Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
мұғаліммен жұмыс - 193
өздігінен білім алу - 112
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 57
электрондық ресурстардан - 28
басқа формалар - 7
Дауыс бергендер саны: 397
Нәтижені көру
Сенім телефоны8 (71837) 2-44-04
150
11616
1-сыныпта ағылшын тілін оқыту тәжірибесінен
06-06-2013 11:56

Уажанова Ботагөз Болатқызы,

ағылшын тілі пәнінің мұғалімі  

Білім­нің бастауы - бастауышта, шет тілін оқытуды бас­тауыш мектептен бастау керектігі көптеген елдердің тәжірибесінде сүйене отырып бастаған еді. Сол мектептердің бірі- Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясы  «1 сыныптан бастап ағылшын тілін оқыту» бағдарламасы бойынша эксперимент өткізуде. Экспериментке  екі 1-інші сынып қатысады.  Сыныптар екі топқа бөлініп, аптасына екі сағаттан оқытылады. Оқу-әдістемелік топтамасы ретінде Кембридж баспасының Қазақстан мектептеріне бейімделген “Primary Colours 1” оқулығы алынған. Авторлары Диана Хикс және Эндрю Литлджон.   Ағылшын тілін ерте жастан оқытудың мақсаты – оқушылардың ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Ерте жастан ағылшын тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін арттырады, оқушылардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді, бірден көп тілдерде сөйлеуге мүмкіндік алады. Ал, әлемдік тіл ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын тілін меңгеру ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі. Қазір ағылшын тілін білу – уақыт талабы.

Бірінші жарты жылдың қорытындысы бойынша оқушылардың ағылшын тілі пәніне деген қызығушылығы байқалуда. Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың білім –біліктілік, танымдық, коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда ойын элементтерін қолданамыз.  Ойын әдісі арқылы оқыту олардың, пәнге деген қызығушылығын арттырады, өз ойын, пікірін, көзқарасын білдіруге, екінші бір оқушының  жауабын тыңдап, оны толықтыруға, жетістіктері мен кемшіліктерін айта білуге жаттықтырады. Жақсы құрастырылған және де үздік әдіспен ұйымдастырылған ойын практикалық, тәрбиелік және дамытушылық жағынан оқыту тәсілі болып табылады. 

Ағылшын тілін үйрету барысында көбінесе әндерді қолданамыз.  Ән тілдік қарым-қатынас құралы ретінде жаңа сөздер мен сөз тіркестерінен құралып, оны әуенімен қоса айтқанда оқушының сөздік қорының көбеюіне ықпал етеді. Ән, өлең тыңдау кезінде таныс лексика оқушы есінде тез жатталады. Шет тілінде ән айтып үйрену барысында оқушы дыбыстарды дұрыс атап үйренеді, сөйлемге дұрыс екпін қояды. Әнмен жұмыс барысында оқушының көңіл күйі көтеріліп, тілге деген қызығушылығы арта түседі.Сабақ барысындағы әндер жас ерекшелігі ескеріліп таңдап алынуы керек.

Сонымен қатар электронды оқулықтарды да пайдаланамыз.  Сабақта электронды оқулықтарды пайдалану арқылы оқушының шығармашылық қабілетін арттыруға, ізденісін ұлғайтуға, танымдық көзқарасын қалыптастыруға, өзіндік жұмыстарды тез орындап машықтануына негіздейміз.Электрондық оқулықта тәжірибелер мен басты кейіпкерлердің өмірі, анықтамалық сөздік, әр тарау бойынша тестік сұрақтар бар. Бұл мәлімет оқушылардың өзіндік ізденісін тудырады және осы бағытта жұмыс істеуге дағдыландырады.

Оқушылдарының оқу-танымдық құзыреттіліктерін қалыптастыра отырып, танымдық іс-әрекет белсенділіктерін арттыру үшін, көрнекі құралдар, техникалық құралдарды жиі пайдалану қажет. Мұнда оқушыда кез-келген ақпаратты алғаннан кейін немесе мәтінді алғаннан кейін сол мәліметке қатысты өзіндік көзқарас туындайды. Яғни, адамның ішкі жан дүниесінде сезімдік, эмоционалдық із қалдырады, сол себепті мұғалім берілетін ақпараттарға жағымды қатынас туындатып, білімнің негізін қалайды. 

Оқушылардың таным белсенділігін ояту үшін, материалды ұмытпастай есте сақтау үшін көбінесе суреттермен жұмыс жасаймыз.

Оқушыға жалпыға бірдей қалыптасқан, дәстүрлі әдістермен әлемдік деңгейдегі озық технологияларды салыстыра, байланыстыра, өмір тәжірибесіне ұштастыра отырып білім беру, білімге дұрыс бағыттай білуге үйрету - әрбір оқытушының міндеті.

Жетістіктерімізбен қатар қиыншылықтарымыз да бар дер едім. Қашан да жаңа бастаған істе көптеген кемшіліктер болары анық. Көш жүре келе түзеледі дегендей қателіктерді болдырмау мақсатында жұмыстар жасаудамыз. Ашық сабақтар өткізіп, сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастырып, ағылшын тілі мұғалімдері бір-біріміздің сабақтарымызға кіріп тәжірибе алмасудамыз.Ағылшын тілін оқытуда оқушылардың қызығушылығын ояту -басты мәселе. Шетел тілін меңгертуде  қиыншылықтарды болдырмау үшін оқушылардың пәнге деген ынтасын әуестігін арттыру керек. Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткіземіз.

1.Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдаланамыз.

2. Сабақты түрлендіріп өткіземіз

3. Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдаланады.

4. Техникалық құралдарды тиімді қолданамыз

5. Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсетеміз.
Өзімнің жұмыс тәжірбиемде бүлдіршіндердің шет тілін өте тез қабылдайтынына және есте сақтау қабілеттерінің де жоғары болатындығына көзім жетті.

Бастауыш сынып оқушыларына шет  тілін меңгертуде әр баланың психологиясына ауыртпалық түсірмейтіндей  әр түрлі әдіс тәсілдерді тиімді қолдана білсең ғана сапалы білім бере алатынымыз хақ.