Бағдарлама
30 Шіл, 11:50
8 тамыз күні сағат 10.00-17.00-ге дейін «Дарындылық және дарынды балаларға арналған қазақстандық мектептер: ізденіс, шығармашылық жылдары мен болашағы” тақырыбында дарынды балалармен жұмыс бойынша аймақтық ғылыми-практикалық орталықтар мен республикамыздың мамандандырылған білім беру ұйымдарының педагогикалық алаңдарының жұмысы жүргізіледі деп жоспарлануда. Алаңдар педагогтердің өзара қарым-қатынас орны болмақ. Педагогикалық алаң жұмысында әр педагог білім саласында өзінің қол жеткізген негізгі жетістіктері мен болашақ идеяларымен бөлісе алады. Алаң жұмысында түрлі формаларды ұсынамыз: пікірталас, шебер-сынып, ток-шоу, коучинг, тренинг, TED форматында конференция. 
 
Әр педагогикалық алаң жұмысына 2-2,5 сағат беріледі. 
 
 
 
1 алаң “Педагогтың дамуы мен жетілуінің жаңа мүмкіндіктері - табысқа апарар жол” - “Ақтөбе - Дарыны” аймақтық қосымша білім беру орталығы мен Ақтөбе облысы білім басқармасының мамандандырылған білім беру ұйымдары;  
 
  
 
2 алаң “ Дарынды балаларға арналған мектептерінде “Мәңгілік ел” идеясының жүзеге асуы» - Шығыс-Қазақстан облыстық “Дарын” аймақтық ғылыми-практикалық орталығы мен Шығыс-Қазақстан облысы білім басқармасының мамандандырылған білім беру ұйымдары;  
 
 
 
3 алаң «Оқытуда қазіргі заманғы “CLIL” әдісін пайдалану» - “Дарын” қосымша білім беру орталығы мен Батыс-Қазақстан облысы білім басқармасының мамандандырылған білім беру ұйымдары;  
 
  
 
4 алаң “Оқыту мен тәрбиелеудегі сандық білім берудің мазмұны - болашаққа көзқарас» - «Сарыарқа-Дарыны” аймақтық ғылыми-практикалық орталығы мен Қарағанды облысы білім басқармасының мамандандырылған білім беру ұйымдары;  
 
   
 
5 алаң «STEM білім берудің даму болашағы» - «Қостанай - Дарыны” аймақтық ғылыми-практикалық орталығы мен Қостанай облысы білім басқармасының мамандандырылған білім беру ұйымдары;  
 
  
 
6 алаң «Педагог дамуы мен жетілуінің жаңаша мүмкіндіктері-табысқа апарар жол» - «Облыстық “Дарын” қосымша білім беру орталығы мен Маңғыстау облысы білім басқармасының мамандандырылған білім беру ұйымдары;  
 
 
 
 7 алаң «Мектепті табысты басқару - табысты даму» - «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы мен Павлодар облысы білім басқармасының мамандандырылған білім беру ұйымдары;  
 
  
 
8 алаң «Білімдегі инновациялық ойлау - табысқа жету жолы» - «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы мен Астана қаласы Білім басқармасының мамандандырылған білім беру ұйымдары;  
 
  
 
9 алаң “Тәрбие жұмысын басқару: заманауи модельдер мен тиімді механизмдер” -  «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығы мен Қызылорда облысы білім басқармасының мамандандырылған білім беру ұйымдары; 
 
  
 
10 алаң “Инновация - білім беру ұйымдары педагогтерінің функцияларын жаңғырту”- «Өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығы» мен Ақмола облысы білім басқармасының мамандандырылған білім беру ұйымдары; 
 
  
 
11 алаң «Ауылдық жерлерде дарынды балалармен жұмыс жүргізу жүйесі» – Алматы облысы мамандандырылған білім беру ұйымдары; 
 
  
 
12 алаң «Тәрбие мен білім беруде заманауи білім беру ресурстары»- Атырау облысы мамандандырылған білім беру ұйымдары; 
 
  
 
13 алаң «Оқу үрдісіндегі практикалық әдістер мен тәсілдер” - Солтүстік-Қазақстан облысы мамандандырылған білім беру ұйымдары; 
 
  
 
14 алаң «Білімнің келешегі және XXI ғасыр дағдыларын дамыту” - Оңтүстүстік Қазақстан облыстық мамандандырылған білім беру ұйымдары; 
 
  
 
15 алаң «Тәрбие жұмысын басқару: заманауи модельдер және тиімді механизмдер» - Жамбыл облысы мамандандырылған білім беру ұйымдары; 
 
 
 
16 алаң -  “Позитивті білім беру: оқушылардың игілігі мен жетістіктері үшін” - Алматы қаласы білім басқармасының мамандандырылған білім беру ұйымдары. 
 
 9 тамыз күні «Дәстүрден инновацияға дейін, мұғалімнің имиджінен табысқа дейін” тақырыбында тамыз кеңесінің пленарлық отырысы өтеді. Өйткені, халықтың тағдыры мұғалімдерге - біздің тәуелсіздігімізге, кәсібилігімізге, іс-әрекетке дайындығымызға  тәуелді. Мұғалім мамандығы оңай емес, кез-келген адам мұндай ауыртпалықты көтере алмайды, бірақ егер біз осы жолды таңдайтын болсақ, педагогикалық шеберлігімізді жетілдіруге ұмтылуымыз керек. Барлық жаңалыққа ашық болуымыз керек, бірақ ғасырлар бойы дамыған педагогикалық тәжірибені де ұмытпауымыз керек. Бүгінгі таңда жаңа тренд ретінде мектеп пен мектептен тыс оқу-зерттеу және жобалау қызметінің бір бағыттары ретінде STEAM-тәсілдері мен STEAM-білім беру туралы сөз қозғалды. 
 
Болашақ технологияларда, ал технологиялар болашағы инновациялық ойлау негізі ретінде шығармашылықты арттыруға бағытталған, математика, физика мен АКТ-технологияларға байланысты жаңа білімдердің қажет екендігін анық білетін жаңа форматты педагогтарға байланысты. 
 
Педагогикалық алаңдар бағдарламаларын дарынды балалармен жұмыс жөніндегі аймақтық ғылыми практикалық орталықтар а.ж. 10 шілдесіне дейін жіберуі тиіс. 
 
Тамыз педкеңесіне қатысу үшін сұранысты берілген қосымшаға сәйкес осы жылдың 14 шілдесіне дейін көрсетілген электрондық поштаға жіберуіңізді сұраймыз: gulden.berdenova.76@gmail.com, тел: 29-49-98. Облыстық білім басқармасының сұранысынан басқа, қатысушылар 14 шілдеге дейін жеке http://tiny.cc/Tamyz2018 сілтемесі бойынша он-лайн тіркеуден өтуі тиіс. 
 
Іс-сапар шығыны жіберуші жақтың есебінен төленеді. Қатысушылардың конференцияға келу күні – 7 тамыз, аяқталуы – 9 тамыз (14.00 – ден кейін).  
 
С. Демирель атындағы университетте бір адамға тәулігіне тұру құны 3500 теңге, 3 мезгіл тамақтануы 2 500 теңгені құрайды. 
 
Университеттің мекен-жайы: Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Абылай хан көшесі 1/1. 
 
Барлық сұрақтар бойынша байланыс телефондары: 8-7172-29-49-98, 8- 771-100-89-33 Гүлден Серікқызы; 8-747-328-83-08, 8-701-3354-84-13 - Сайран Бәкенұлы.