Ақсу қаласының

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Бір жылда76162
Бір айда2674
Бір аптада152
Кеше11
Тәулік17
Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
мұғаліммен жұмыс - 193
өздігінен білім алу - 111
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 57
электрондық ресурстардан - 28
басқа формалар - 7
Дауыс бергендер саны: 396
Нәтижені көру
Сенім телефоны8 (71837) 64294
150
11616
"Зерде" бағдарлы лагерінің қорытындысы
26-06-2015 12:10

2015 жылдың 1-19 маусым аралығында «Зерде» бағдарлы лагері өз жұмысын атқарды. Бағдарлы лагерьге гимназияның 107 оқушысы қатысып, өз білімдерін тереңдете түсті. Жазғы уақытта «Зерде» бағдарлы лагерінің негізгі мақсаты дарынды оқушылармен жеке жұмыс істей отырып, олимпиадалар мен ғылыми сайыстарға дайындалу жұмыстарын жүргізу болды. «Зерде» бағдарлы лагерінің жұмысы екі бағытта жүргізілді: бірінші бағыт «Дарын» - дарынды балалармен жұмыс және екінші бағыт «Сана» - ұлттық бірыңғай тесттілеуге дайындық жұмысы.

Бағдарлы лагерін қорытындылау мақсатында маусымның 15-16 күндерінде 4-7 сыныптар арасында кешенді-жасөспірімдер олимпиадасы өтті. Олимпиадаға 19 оқушы қатысып, оның 7 оқушысы жүлделі орындарға ие болды. Жасөспірімдер олимпиадасында:

І орын: 7А сынып оқушылары Кабулдинова Меруерт және Өмірзақова Аяжан.

ІІ орын: 6А сынып оқушылары Мұқышев Жанболат және  Женаева Дильнара.

ІІІ орын: 6А сынып оқушысы Қуатов Алихан.

Кешенді олимпиадада: 1-орын иеленген 5а сынып оқушысы Успанова Аймира және 2-орынды иеленген және «Жас Дарын» номинациясымен 4ә сынып оқушысы Хасенов Еркебұлан марапатталады.

16-шы маусымда орыс тілі, ағылшын, география, тарих, құқық негіздері пәндерінен мектепішілік олимпиадасы өтті. Олимпиада мақсаты осы пәндерді республикалық деңгейдегі жетістіктерге жеткізу. Бағдарлы лагерьге белсенді қатыса отырып, олимпиадада жоғары нәтижеге жеткені үшін «Олимп шыңы» номинациясымен 7а сынып оқушысы Кабышева Динара марапатталады.

17-шы маусым күні ғылым жолында жүрген оқушылардың жұмыстары тындалып, оларға және олардың ғылыми жетекшілеріне мұғалімдер тарапынан әдістемелік кеңестер берілді. Ғылыми жобаларды қорғауда өзекті жұмысы үшін «Жас зерттеуші» номинациясымен 7ә сынып оқушысы Жасуланова Лаура марапатталады.

18-ші маусымда 10 сынып оқушылары бағдарлы лагерьдегі өз дайындықтарын қорытындылап, ұлттық бірыңғай тест сынақтарынан өтсе, мәңерлеп оқу сайыстарына дайындалған оқушылар мұғалімдерге өз өнерлерін паш етті. Мәңерлеп оқуларында ерекшеленген 6а сынып оқушысы Жомарт Ақтоты «Ақын жанды» номинациясымен марапатталады. Ұлттық бірыңғай тест сынағында ең жоғары нәтиже көрсеткені үшін «Абсолют» номинациясымен 10 сынып оқушысы Қайыржан Санжар марапатталады.

19 маусым күні «Зерде» бағдарлы лагерінің жабылу салтанатты жиыны өтті.

Директордың дарынды балалармен жұмысы жөніндегі орынбасары А. Сыздыков