Ақсу қаласының

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Бір жылда76140
Бір айда2759
Бір аптада183
Кеше20
Тәулік2
Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
мұғаліммен жұмыс - 193
өздігінен білім алу - 111
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 57
электрондық ресурстардан - 28
басқа формалар - 7
Дауыс бергендер саны: 396
Нәтижені көру
Сенім телефоны8 (71837) 64294
150
11616
Гимназияда қорытынды әдістемелік кеңес өтті
08-06-2015 06:51
Гимназияда қорытынды әдістемелік кеңес өтті

2015 жылдың 5-маусым күні гимназияда қорытынды әдістемелік кеңес өтті. Әдістемелік кеңесте директордың ғылым жөніндегі орынбасарының К.М. Аккентаеваның жыл бойы істелген жұмыстар бойынша есебі тыңдалды. Гимназия директоры М.А.Касенова 2014-2015 оқу жылының қорытындысы бойынша бұйрықпен таныстырып өтті. Мектепішілік рейтинг қорытындысы бойынша экономика және құқық негіздері мұғалімі А.Ж. Сыздыков «Үздік жыл мұғалімі», бастауыш сынып мұғалімдер арасында  Г.Р.Қадырбаева «Үздік бастауыш сынып жыл мұғалімі», Д.А. Нургалиева «Үздік жыл сынып жетекшісі» атағына ие болды. Оқу-тәрбие сапаларының негізгі көрсеткіштері бойынша Ү.К. Мұханова «Ұлағатты ұстаз», К.Б. Тулеубаева  «Олимп» шыңына жетелеуші», Ә. Қ. Дюсембаев «Іскер ұстаз», А.Т. Турганбекова «Жаңашыл ұстаз», Д.Н. Зембаева «Шығармашыл ұстаз» номинациясына ие болды. Аталған мұғалімдер Құрмет грамоталармен марапатталды және оларға  бағалы сыйлықтар табыс етілді. Ауыспалы кубок «Үздік жыл әдістемелік бірлестігі» жаратылыстану әдістемелік бірлестігіне берілді. Білім саласында жеткен жетістіктері үшін және кәсіби шеберлігін жаңашыл педагогикалық идеялармен толықтырып отыратын шығармашыл, іздемпаз төмендегі ұстаздарға алғыс жарияланып, бағалы сыйлықтар табыс етілді:

1. Альдекенова А.Т.- тарих мұғалімі

2. Дембельбаев Н.А. – дене шынықтыру мұғалімі

3. Бекбасова Б.Ш. – орыс тілі мұғалімі

4. Нұрғалиева С.Е. - ағылшын тілі мұғалім

5. Абылгазина Э.Т. – информатика мұғалімі

6. Баядилова А.К. - информатика мұғалімі

7. Шапауова А.С. – қазақ тілі мұғалімі

8. Атик Б.В. – физика мұғалімі

9. Алиаскарова А.Т. – география мұғалімі

10. Сыздыкбаева Р.С. – ағылшын тілі мұғалімі