Ақсу қаласының

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Бір жылда76236
Бір айда2465
Бір аптада184
Кеше16
Тәулік12
Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
мұғаліммен жұмыс - 193
өздігінен білім алу - 111
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 57
электрондық ресурстардан - 28
басқа формалар - 7
Дауыс бергендер саны: 396
Нәтижені көру
Сенім телефоны8 (71837) 64294
150
11616
«Таза болса табиғат, аман болар адамзат»
08-06-2015 06:47
«Таза болса табиғат, аман болар адамзат»

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні, мектебімізде оқушылардың  қоршаған табиғатқа деген қамқорлығын қалыптастыру,оны аялауға ықпал ету мақсатында «Біз қоршаған ортанының жанашырымыз» атты флешмоб, «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» атты  тазалық акциясы, «World  Environment  Day» атты практикалық конференция, «Тапқырлар» танымдық сайысы өткізілді. Бұл шаралар барысында оқушылар мектептің ауласын көріктендіру жұмысына белсене қатысып, «Қажетсіз заттарды пайдаңа асыр» тақырыбында өздерінің тың әрі, өміршең идеяларын ортаған салды. «Адамның табиғатсыз күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ», «табиғат барометрлары» бағыты бойынша қазақ халқының жылдар бойы қалыптасқан ауа-райын болжау дәстүрі, Қазақстандағы экологиялық мәселелер бойынша шағын зерттеу жұмысын жүргізіп, қорғады. Сондай-ақ, конференцияға қатысқан бағдарлы лагерь  оқушылары топтарға бөлініп,

ІІ -топ: «Табиғатқа жасалған қастандық адамдардың өздеріне қайтып соғады»

ІІІ -топ: «Табиғатты қорғау – адамның өзін - өзі қорғауы»

IV-топ: «Егер мен табиғатты қорғайтын сиқыршы болсам ... не істер едім?» 

V-топ: «Егер мен табиғатты қорғайтын маман болсам...» сияқты өзекті мәселелер бойынша постер қорғап, шағын қойылымдар көрсетті. Осындай түрлі шараларға қатыса отырып, оқушылар қоршаған ортаны қорғау қаншалықты маңызы екенін,оны қорғау тек адамзаттық қолында екенін түсініп,ой қорыта білді,туған жердің табиғатына және экологиялық жағдайына мән беруге, функционалды- сауаттылығын дамытуға өз әсерін тигізді деп ойлаймын. Сауықтыру лагерінде демалып жүрген кішкентай бүлдіршіндер де осы күнге өз үлестерін қосып, табиғатқа арналған өлең шығару, айналаны қоқыстан тазарту жұмыстарын белсене қатысты. «Тапқырлар» танымдық ойыны барысында олар қызыл кітапқа енген жануарлар, оларды қорғау, гүлзарларды әсемдеу және әсем гүлдер жасау арқылы өздерінінің табиғатқа қамқорлығын білдірді.

«Жасыл ел» тобының жетекшісі, биолог Айгүл Токтамысовна