Ақсу қаласының

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Бір жылда84017
Бір айда13268
Бір аптада2558
Кеше375
Тәулік80
Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
мұғаліммен жұмыс - 193
өздігінен білім алу - 112
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 57
электрондық ресурстардан - 28
басқа формалар - 7
Дауыс бергендер саны: 397
Нәтижені көру
Сенім телефоны8 (71837) 2-44-04
150
11616
Жаңалықтар
12 жылдық білім беру
23-04-2013 08:28
12 жылдық білім беру
12 сәуір күні Астана қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық ғылым академиясында өткен ғылыми кеңеске география пәні мұғалімі, магистр, «Білім беру ұйымдарының үздік педагогы» Алтынбек Аманжолұлы Жакупов қатысып келді. 17 сәуір күні «Елімнің тағдыры-менің тағдырым» атты ІІ Республикалық форумда «Ақсу қаласының әлеуметтік саласын дамытуға қосқан зор үлесі үшін» Ақсу қаласы әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Қ.Сәтбаев апталығының қорытындысы
16-04-2013 11:50
Қ.Сәтбаев апталығының қорытындысы
Қ.И.Сәтбаевтың туғанына 114 жыл толуына байланысты 12 сәуір күні қалалық және мектепшілік Қаныш Сәтбаевтің мүсініне гүл шоқтары қойылды. 13 сәуір күні 1-сынып оқушылары Гимназист қатарына қабылданды. 15 сәуір күні «Есімі ел есінде» атты апталығы бойынша қорытынды сап түзеуде кіші пән олимпиадасында және облыстық спорт жарыстарда жүлделі орын алған оқушылар марапатталды.
Гимназияда ғылыми - танымдық конференция өтті
12-04-2013 11:58
Гимназияда ғылыми - танымдық конференция өтті
Қ.И.Сәтбаевтың туғанына 114 жыл толуына байланысты «Есімі ел есінде» атты апталығы барысында 11 сәуір күні мектепішілік «Ғасыр данасы» атты ғылыми-танымдық конференция өткізілді. Облыстық ғылыми жоба сайыстарына қатысқан оқушылар өз ғылыми жұмыстарын ұстаздарға, оқушыларға, келген қонақтарға таныстырып өтті.
Мектепішілік кіші олимпиададан хабар
11-04-2013 09:30
Мектепішілік кіші олимпиададан хабар
Қ.И.Сәтбаевтың туғанына 114 жыл толуына байланысты «Есімі ел есінде» атты апталығы барысында 10 сәуір күні 5-7 сынып оқушыларының арасында кіші олимпиада ұйымдастырылды. Олимпиадаға 103 оқушы қатысып, 49 оқушы жүлделі орынға ие болды. "Ең үздік кіші олимпиадалық сынып" номинациясына 6«Ә» сынып ие болды. 6«ә» сынып оқушысы Манарбек Магрифе "Абсолютты жеңімпаз" атанды.
ҚР 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама
06-04-2013 09:12
ҚР 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама
Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында Астана қаласы Білім және ғылым министрлігінде өткен жиналысқа география пәні мұғалімі, магистр «Білім беру ұйымдарының үздік педагогы» Алтынбек Аманжолұлы Жакупов қатысып келді.
Республикалық пән олимпиадасының жеңімпазы
03-04-2013 11:39
Республикалық пән олимпиадасының жеңімпазы
2013 жылдың 25-сі мен 30 наурыз аралығында Тараз қаласында гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша оқушылардың Республикалық олимпиадасы өтті. Олимпиада қорытындысы бойынша І-ші орын және алтын медальға «Қазақ мектебіндегі орыс тілі» пәні бойынша гимназияның 9-сынып оқушысы Қаиржанова Әдия ие болды. Пән мұғалімі Тулеубаева Күлжайнат Бекенжанқызын және Әдияны жеңісімен құттықтаймыз!
Республикалық Ақыл-ой Одиссеясы (Odyssey of the mind) сайысы
02-04-2013 08:50
Республикалық Ақыл-ой Одиссеясы (Odyssey of the mind) сайысы
2013 жылдың 26-31.13 аралығында гимназиямыздан 18-ші Республикалық Ақыл-ой Одиссеясы (Odyssey of the mind) сайысына қатысу мақсатында Алматыға аттанған төрт топтың да қоржындары жүлделі орындармен толы оралды. «Аврора» тобы ІІІ орынды, «Сиета Эстрелла» тобы ІІ орынды, «Art teenagers» тобы және «Я+ТЫ» тобы І орынды иеленіп қайтты. Ерекше көзге түскен Сейтахмет Еділ, Ермек Айша, Тастемір Гүлзат сынды оқушылар Роната Руссо атындағы медальдарға ие болды.
Облыстық мұғалімдер пән олимпиадасының жеңімпазы
02-04-2013 08:08
Облыстық мұғалімдер пән олимпиадасының жеңімпазы
1 сәуір күні Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында мұғалімдер арасында өткізілген пән олимпиадасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дүйсембаев Әскербек Құлтайұлы ІІІ орынды иеленді. Әскербек Құлтайұлын осы жеңісімен құттықтаймыз!
Көкшетау қаласынан жеңіспен оралған
01-04-2013 09:24
 Көкшетау қаласынан жеңіспен оралған
Көкшетау қаласында композитор Ақан серінің 170 жылдығына орай «Ұлттық өнердің өткен кезеңі мен заманауи болашағы» атты республикалық ғылыми жұмыстар байқауы өтті. 7-сынып оқушысы Галиева Камила байқаудың барлық кезеңдерінен сүрінбей өтіп, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Пән мұғалімі Жакупова Самал Серікқызын және Камиланы осы жеңісімен құттықтаймыз!
«Наурыз мейрамы»
26-03-2013 09:06
«Наурыз мейрамы»
Наурыз айының 20-сы күні гимназия қабырғасында дәстүрлі түрде өткізіліп жүрген «Наурыз мейрамы» атты әдеби-музыкалық кеш өткізілді. Аталған кештің мақсаты – бүгінгі өскелең жас ұрпақтың ғасырлар бойына қазақтың салт-санасы мен әдет-ғұрпын уағыздауды, өз елінің киелі әрі қасиетті ұғым-түсініктерін дәріптеуді алға қойды.
«Халық сүйген мейрам бұл»
26-03-2013 05:42
«Халық сүйген мейрам бұл»
Наурыздың 19-шы жұлдызында Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясында бастауыш сыныптардың қатысуымен «Халық сүйген мейрам бұл» атты Наурызға арналған мереке өтті. Мереке 3 сыныптардың орындауындағы «Сәулем-ай» әнімен басталды.
Сүйінші!!!
19-03-2013 06:42
Сүйінші!!!
18 наурыз 2013 жылы Экономика пәнінен оқушылардың VІІІ республикалық турнирінің аймақтық кезеңі қазақ-түрік лицей қабырғасында өтті. Олимпиаданың қорытындысы бойынша 2 оқушы жеңіске ие болды. І дәрежелі диплом иегері – Қабылда Әлібек және ІІІ дәрежелі диплом – Асқарбеков Әділ. 9-сынып оқушысы Қабылда Әлібек экономика пән олимпиадасының республикалық кезеңіне жолдама алды. Пән мұғалімі: Азамат Жанайдарұлы Сыздыков.