Ақсу қаласының

дарынды балаларға арналған

мамандандырылған гимназиясы

Бір жылда84017
Бір айда13268
Бір аптада2558
Кеше375
Тәулік80
Виртуалды қабылдау
Қойылған сұрақтар: 24
Жаңа сұрақтар: 0
Сұрақты беру
Оқыту материалын тиімді меңгеру үшін қандай әдіс формасы саған ыңғайлы:
Дауыс беру
мұғаліммен жұмыс - 193
өздігінен білім алу - 112
сыныптастарыңмен топта жұмыс - 57
электрондық ресурстардан - 28
басқа формалар - 7
Дауыс бергендер саны: 397
Нәтижені көру
Сенім телефоны8 (71837) 2-44-04
150
11616
Жаңалықтар
Гимназиямызда МИФ апталығы өтті
06-02-2017 08:27
Гимназиямызда МИФ апталығы өтті
2017 жылдың 30 қаңтардан 4 ақпанға дейін гимназиямызда МИФ апталығы өтті. Апта бойы оқушылар жоспардағы іс-шараларға белсене қатысты. 8-11 сыныптар арлығында метепішілік Жаутіков олимпиадасы өтті. Олимпиада қорытындысы бойынша жүлдегерлер марапатталды. 8 А сыныбынан Куатов А. – 1 орын, Қазбеков М. – 3 орын , 8Ә сыныбынан Қайыр К. – 3 орын; 9 сыныптан Кабулдинова М. – 2 орын алды.
Қысқы Универсиадаға арналған «Қанатыңды кең серпі!» атты шаралар туралы ақпарат
04-02-2017 07:54
Қысқы Универсиадаға арналған «Қанатыңды кең серпі!» атты шаралар туралы ақпарат
Гимназияда 28 қысқы универсиадаға арналған сынып сағаттары, сайыстар және жаппай шаңғы жарысы өтті. 1-4 сыныптарда «Қанатыңды кең серпі» ақпараттық стенді безендіріліп, оқушыларға таныстыру өткізілді. 3-4 сыныптарда «Универсиада 2017» атты сынып сағаттары өтті. 6-8 сынып оқушылары жаппай шаңғы жарысына қатысу арқылы өздерінің универсиада спортшыларына қолдауларын білдірді.
Үштіліділік – жарқын болашақ кепілі
31-01-2017 10:51
Үштіліділік – жарқын болашақ кепілі
23-28.01.2017 ж. гимназияда «Үштіліділік – жарқын болашақ кепілі» апталығы өткізілді. Апталық барысында «Үш тілде оқыту экспериментінің талаптарына бейімделу жағдайы» атты педконсилиум, «Үштілде білім беру: ізденіс, проблемалар және даму болашағы» атты облыстық семинар өткізілді. Семинарға облыстық мамандандырылған мектептердің, Ақсу қаласының мектептерінің мұғалімдері мен оқу ісінің меңгерушілері қатысты.
«Жол тәртібін білейік – аман есен жүрейік»
28-01-2017 11:34
«Жол тәртібін білейік – аман есен жүрейік»
Гимназияда 18-і қаңтар күні жол жүру ережесінің апталығы басталды. 3ә сыныбында «Жол ережесін білу - бәріне міндет» атты тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағаты 8 кезеңнен тұрды. Әр топқа жол ережелеріне байланысты сұрақтар мен жұмбақтар берілді. 19-қантар күні 2а сыныбында «Жол ережесін есте сақта» атты сайыс сабағы өтті. Оқушыларға жол ережесіне байланысты топтық тапсырмалар берілді.
Әлемдегі кең таралған ойындардың бірі - Шахмат
10-01-2017 12:47
Әлемдегі кең таралған ойындардың бірі - Шахмат
9-қаңтар күні барлық білім ордаларында облыс әкімінің ұсынысы бойынша шахмат кабинеттері ашылды. Ашылу салтанатына мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар қатысып, «Біру ақыттағы шеберлік ойыны» ұйымдастырылды. Гимназиямызда да шахмат үйірмесінің ашылуына орай үйірменің жаттықтырушы Бердалина Салтанат Жолдасбекқызы «Біруақыттағы ойын» өткізіп, оған қала мектептерінен бірнеше оқушылар қатысты.
Облыстық пән олимпиадасының жүлдегерлері
10-01-2017 11:33
Облыстық пән олимпиадасының жүлдегерлері
Павлодар облысының білім басқармасының жоспарына сәйкес 5-6 қаңтар аралығында жалпы пәндер бойынша облыстық пән олимпиадасы өтті. Олимпиадаға мектебімізден 27 оқушы қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен 2 оқушы, ІІ дәрежелі дипломмен 2 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломмен 7 оқушы марапатталды. Оқушылар мен дайындаған ұстаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!
Жаңа жылдық қызықтар
30-12-2016 08:52
Жаңа жылдық қызықтар
Жаңа жылдық шыршаға арналған мерекелік шаралар мектебімізде 27-29 желтоқсан күндері өткізілді. Бастауыш сынып оқушылары «Мадагаскар» ертегісі кейіпкерлерімен бірге сайыстарға қатысып, шыршаны айнала әсем ән мен түрлі би билеп, Аяз атаның сыйлықтарын алды. Ал 5-7 сынып оқушыларына арналған шыршада сыныптар түрлі жанрда құттықтаулар айтып, жаңа жыл, пинокио басқа да кейіпкерлермен түрлі ойындар ойнап, тәтті сыйлықтарға ие болды.
Орыс тілі мен әдебиеті пәнінен кио нәтижелері
30-12-2016 08:50
Орыс тілі мен әдебиеті пәнінен кио нәтижелері
2016 жылы 22 желтоқсан күні орыс тілі мен әдебиеті пәнінен КИО-ның 2 туры өтті. Олимпиада қорытындысы бойынша Кожабергенов Думан, Камзин Асхат (6 сынып), Ульбауов Алихан, Искакова Томирис (7 сынып), Женаева Дильнара (8 сынып) 1-орынға, Акрам Жандарбек, Магзумова Айшабиби (7 сынып) ІІ орынға, Баяманова Аида (7 сынып), Узакбай Нурайым, Калиякбарова Гульназ ІІІ орынға ие болды (8 сынып). Мұғалімі Тулеубаева К.Б. Құттықтаймыз!
«Дүниетану» пәні бойынша онлайн олимпиадасының қорытындысы
30-12-2016 07:33
«Дүниетану» пәні бойынша онлайн олимпиадасының қорытындысы
2016 жылы 14-желтоқсан күні ПМПИ математика және жаратылыстану факультеті «Дүниетану» пәні бойынша 3-4-сынып оқушыларына арналған бірінші онлайн олимпиадасын өткізді. Олимпиада қорытындысы бойынша I дәрежелі дипломмен С.Жалел , Д. Кабдулла, А.Серикова (4-сынып), II дәрежелі дипломмен А. Амангелді (2а), А.Шахмет (2ә), А.Мухамматова, М.Дюзеева, Н.Сейсембай, О.Тоқтамысов, К.Токташева, Д.Нахметова (3ә), Д. Исабекова ...
«Жаратылыстану», «Биология» пәндері бойынша онлайн олимпиадасы
28-12-2016 10:09
«Жаратылыстану», «Биология» пәндері бойынша онлайн олимпиадасы
2016 жылы 15 желтоқсан күні ПМПИ «Жаратылыстану», «Биология» пәндері бойынша 5-8 сыныптар арасында онлайн олимпиадасын өткізді. Олимпиада қорытындысы бойынша 1-орынға Хасенов Е., Заруза Н., Садыбеков Ж. (6-с), Амирова А., Успанова А. (7а-с), Құрмашева Д., Баянбат Е. (7ә-с), Данкина А. (8ә-с), Садыбекова А. (5ә-с), 2-орынға Баисова А. (5а-с), Баяманова А. (7ә-с), Қайырдолда Д. (7ә-с) ие болды. Құттықтаймыз!
Тәуелсіздікке тарту
16-12-2016 15:05
Тәуелсіздікке тарту
15 желтоқсан Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік ата-бабам аңсаған» атты салтанатты шара өтті. Мектеп директоры Мария Абдукадыровна барлық жиналушыларды мерекемен құттықтап, еңселі биіктен көріне білген ұстаздар мен оқушыларды атай отырып, алдағы сыннан сүрінбей өтіп, облыстық олимпиадада биіктен көрінуге тілек білдірді. Үлгілі «Айгөлек» би ансамбілі мен жас әншілер тамаша ән, билерін тарту етті.
«Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз»
16-12-2016 14:47
«Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз»
Гимназияда желтоқсанның 9-ы күні 5а-5ә сыныптар арасында «Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз» атты сайыс өтті. Сайыс 6 кезеңнен тұрды. Ең бірінші «Кел, танысайық!» кезеңінде оқушылар өз топтарын, ұранын таныстырды. Кейін «Тарихи викторина» кезеңінде топтарға 5 сұрақтан берілді. Келесі «Тұлғаны тап!» тапсырмасында әр топқа конвертте жасырылған тарихи тұлғалар беріліп, сол тұлғаларға сипаттама беру керек еді.