Алтай ауданы әкімінің ресми сайты
23 Қаңтар 2020 г
--:--:--

Құрметті азаматтар

Дата: 2013-12-19 10:40:33

Құрметті азаматтар

Щетников Иван Никонович Щетников Иван Никонович – (07.07. 1888 ж. – белгісіз) - қызыл партизан, Бұқтырма өлкесінде Совет үкіметін орнатуға қатысқан, Хамир-Тұрғысын, Катон-Қарағай партия комитеттерінің хатшысы, Кутихин ауыл кеңесінің төрағасы,  Зырян орындау комитетінің төрағасы (1927ж.), партиялық- мемлекеттік бақылау қалалық комитетінің штаттан тыс инспекторы,  Зырян қ. алғашқы құрметті азаматы, Қызыл жұлдыз орденімен, медальдармен марапатталған.
Зырян ауданында Совет үкіметін орнатуда партизан топтарында белсенді қызмет атқарған, ұзақ уақыт партия органдарында, сотта және прокуратурада қызмет еткен.
   
Салимбаев Дюсуп Салимбаевич Салимбаев Дюсуп Салимбаевич – Ұлы Отан соғысының қатысушысы, «Капитальный»шахта тобының бригадирі, қалалық кеңестің депутаты. 1941 жылдан 1946 жыл аралығында ҰОС қатысқан,  бейбіт өмірде шахтер, бригадир болып жұмыс істеген,  еңбек өнімділігін арттыру бойынша 29 ұсыныс енгізген.
 
   
Кузнецова Анна Алексеевна Кузнецова Анна Алексеевна – перзентхана үйінің дәрігері. 20 жыл перзентхана үйінде қызмет еткен, ана мен бала денсаулығын жақсарту бағытында көп еңбек сіңірді. Облыстық кеңестің, қалалық кеңестің депутаты болды, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамту жөніндегі комиссияны басқарды.
   
Жаксыбаев Наби Кульчаманович Жаксыбаев Наби Кульчаманович – Зырян қорғасын комбинатының директоры, Социалистік еңбек ері, техника ғылымының кандидаты. Оның ұсынысы бойынша жобалау- конструкторлық және зерттеу бөлімінің жұмысы жақсартылды, механикалау және  автоматтандыруды енгізу бойынша топтар мен учаскелер құрылды,  байыту фабрикасында ауыр қоспадағы кендерді байытудың жаңа тәсілі іске қосылды. Кейіннен бұл тәсіл көптеген тау кен кәсіпорындарында кеңінен қолданысқа енгізілді. Комбинаттың шикізат базасы нығайтылды. Малеевка кен аймағында жаңадан бай кен орны ашылды.
   
Мохов Николай Иванович Мохов Николай Иванович - управляющий трестом «Зыряновскстрой» тресінің басқарушысы, Қалалық кеңес атқарушы комитетінің мүшесі. Трестте бригадирден бастап бастық қызметіне дейін көтерілді, Зырян қаласының құрылысына үлкен үлес қосты.
   
Зуев Михаил Андреевич

Зуев Михаил Андреевич - «Зыряновскстрой» трест өндіріс кәсіпорыны комбинаты арматурасының бригадирі, қалалық кеңестің депутаты. М.А.Зуевтың бригадасы 22 жыл ішінде ең үздік тресттердің бірі болды, жоғары өнімділік көрсеткішін көрсетті. Қалалық кеңестің депутаты болып бірнеше қайтара сайланды.

 

 

 

   
Платаев АндрейГеоргиевич

Платаев Андрей Георгиевич – Қазақстан ССР ішкі істер министрі. Партияның қалалық комитетінің бірінші хатшысы болып қызмет етті, оның басшылығымен қаладағы өнеркәсіптік және мәдени құрылыс жүзеге асырылды. Салынғандар: Зырян қорғасын комбинаты, «Зыряновскстрой» тресті, автокөлік кәсіпорындары, орман қорғау жолағы салынды.

 

   
Игнатенко Лидия Афанасьевна

Лидия Афанасьевна Игнатенко көп жыл бойы аудандық жуқпалы аурулар ауыруханасында риясыз еңбек етті. Лидия Афанасьевна Зырянға 1958 жылы көшіп келді. -Өз еркіммен келдім, дейді ол, Одесса медицина институтын бітіргеннен кейін. Қазақстан менің екінші Отаныма айналды. Менің екі ұлым да осында дүниег келді. Біз қаланың көркейіп өркениеттенуіне бар күшімізді жұмылдырдық, ағаш отырғыздық, парк салдық. Кейін ұялмайтындай жұмыс істедік. Қазір мен қоғамның да, балаларымның да бетіне ұялмай, тура қарай аламын.

 

   
Алпыспаев Алдаберген Канапинович

Алдаберген Канапенұлы Алпыспаев құрылысшылар әулетінен. Әкесі де, атасы да, арғы адасы да құрылысшы болған. Оның балалары, екі ұлы мен қызы да әке жолын қуып отыр. 
Соғыс басталған кезде, А. Алпыспаев жетінші сынып бітіріпті. 1943 жылы оның әскер қатарына шақырады. Тамбов жаяу әскер училищесінде оқиды және Краснояр полк мектебін бітіреді. Пулеметші Алпыспаев алғашқы шайқасқа Корсунь-Шевченко ұрысында қатысады. Бұл операцияны тарихшылар «Днепірдегі Сталинград» деп атаған еді. Сондай-ақ Прокуровск-Черневин және Львов-Сондемирск операцияларына қтасып, екі мәрте жараланады. 
Соғыстан соң А. Алпыспаев 7 жыл Суворов училищесінде жұмыс істейді.Одан соң құрылыс техникумын бітіреді. Мәскеу инженерлік-құрылыс институтына түсіп, оны үздік бітіреді. Шебер, прораб, бас инженер болып еңбек етеді. 17 жыл бойы А. Алпыспаев «Зыряновскстрой» құрылыс мекемесін басқарады. Оның басшылығымен Зырян қаласының басым бөлігі, көптеген шаруашылық кешендері және мәдени-әлеуметтік, тұрмыстық нысандар бой көтереді.

   
Уразов Коптлеу Уразович Уразов Коптлеу Уразович – Зырян кенішінің бастығы, Қазақстан ССР Министрлер Кеңесінің сыйақы лауреаты, ҚССР еңбек ері, 1987, 1988 жж. Ленин күні сйыақысының лауреаты, 1979 ж. әлеуметтік жарыстың жеңімпазы белгісімен, ҚССР Жоғарғы Кеңес Президиумының Құрмет грамотасымен марапатталған.  
Комбинаттың техникалық дамуына үлкен үлес қосты. Оның тікелей басшылығымен алғашқы рет түсті металдар комбинатында кенді шығару және жеткізуге дірілдеткіш механизмдері іске қосылды, кешенді жару жұмыстары енгізілді, жер асты кенін басқару жүйесін автоматтандыру құрылды. 
   
Доскалов Валерий Алексеевич

Доскалов Валерий Алексеевич – жергілікті атқарушы органдарды 1991-2003 жылдар аралығында басқарған. Оның басшылығымен, аудан облыс бойынша алдынғы қатарға шыққан. Тіпті өтпелі ауыр кезеңнің өзінде Валерий Алексеевич әлеуметтік сала мен экономикада тиімді реформалар өткізді. Ол тоқтап тұрған өндірісерді қалпына келтіріп жаңа жұмыс орындарын ашу үшін де көп күш жұмсады. 2003 жылы ауданда 2196 шағын кәсіпкерлік нысандары, 178 аграрлық құрылымдар жұмыс істеген. Аудан өзін-өзі азық түлікпен толық қамтамасыз етіп отырды. В. Доскаловтың белсенділігімен аудандық ауруханада реанимация бөлімшесі ашылды. 2004 жылдың қарашасында Валерий Доскалов Қазақстан Республика Парламент Мәжілісі депутаттығына сайланды.

   
Пономарев Леонид Федорович

Леонид Федорович  Пономарев Зырян қорғасын комбинатында 37 жыл жұмыс істепті, тау шеберінен комбинат директоры қызметіне дейін көтерілге. Ол кәсіпорынның дамуы мен қаланың әлеуметтік мәселелерінің шешуіне үлкен үлес қосты. Л.Пономаревтың кәсіби биліктілігі мен жоғары ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында комбинат көптеген жылдар бойы түсті металургияның алдыңғы қатарлы кәсіпорындарының қатарында болды. Л.Пономаревтың тұсында Малеев кенішін игерудің алғашқы қадамдары жасалған болатын. Сол кездерде ақ озық технологиялар белсенді енгізіле басталды. Л.Пономарев – көптеген жетілдірулердің авторы. Тапқырлық еңбегінің нәтижесінде КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағына ие болда. Леонид Федеровичтің белсенділігімен жеке тұрғын үй құрылысы жүргізілді. –Біз, дейді Л. Пономарев, бәрін халық үшін істедік. Сол уақыттары оған ақша бөлінбесі де, тұрғын үй бағдарламасын орындадық. Кеншілер күректерін перфораторға ауыстырды. Кезекте тұрағандардың өздері жеке үй сала бастады. Әркім өз жобасы бойынша істеді. Ешкім араласқан жоқ. Біз жер иесі адам екенін жақсы түсіндік.

   
Кольцов Павел Федорович

Павел Федорович Кольцов Владивостокта 1910 жылы тұған. 1941 жылдың маусымда әскер қатарына шақырылып, жеке авторота құрамында майданға аттанады. Польшадағы шайқастар үшін Әскери Қызыл Ту орденімен марапатталған. Варшаваны босатып, Берлин штурмына қатысқан. Шақастардағы қайсарлығы мен каһармандағы үшін Павел Федорович Кольцов Кеңес Одағы Батыры атағына ие болыпты. Соғыстан соң Павел Кольцов кен байыту комбинатында жетінші разрядты слесарь ретінде еңбек етеді. - Өмірдегі ең маңызды не? деген сауалға Павел Федорович бір ауыз сөзбен жауап қатты: - Еңбек...

   
Трефилов Эммануил Иванович

Трефилов Эммануил Иванович - директор Бухтарминского гидроэнергетического комплекса в составе АО «Казцинк» АҚ Бұқтырма суэнергетика кешенінің директоры. Станцияны техникалық жаңалауға үлкен көңіл бөлді, оны қайта құруға ұсыныстар енгізді, бұл жыл сайын электр қуатын арттыруға, тұрақты және апатсыз жұмыс істейге ықпал етті.

   
Дяглев Петр Федорович

Петр Федорович Дяглев Зырян ауданы, Зырян қаласының құрметті азаматы. 1967 жылдан «Средигорненский» кеңшарының директоры болып еңбек етуде. Дяглевтың шаруашылығы бүгінде Зырян ауданындағы ең ірі шаруашылық. Петр Федорович жұмысын сауатты ұйымдастырғандықтан, нарық заманындағы қиындықтарға қарамастан, қарқынды дамуда. Кәсіпорын дамуда. Өндіріс көлемін көтеруде. П. Дяглевтың қамқорлығының арқасында, Средигорное ауылдық округінің барлық инфрақұрылымы сақталған, әлеуметтік сала дамып, көркеюде. Петр Федоровичті жерлестері бірнеше рет депутаттыққа сайлады. Кеңес заманында ол Еңбек Қызыл Ту орденімен, Құрмет белгісімен марапатталған. Қазір егеменді Қазақстанның «Құрмет" орденінің иегері.

   
Дериглазов Владимир Николаевич Владимир Николаевич Дериглазов Малеев кенішінің тұңгыш директоры балытың. Тау инженері, ол аусым басығынан бастап еніш бастығы, Ақтау тау-кең байыту комбинантының директоры қызметіне дейін еңбек жолын өтті. Зейнетке 50 жасында шықты. Балалары Игорь мен Александр Меломан фирмасын құрып, жеке кәсіпкерілікпен айналысқан кезде, ол ұлдарының ісіне белсене араласып, Зырян бөлімшесін басқаруда қолына алды. Оның халықты тұрмысқа қажетті тауарлар, құрылыс және әрлеу материалдары, бейне және аудиоөнімдермен қамтамасыз ететін кәсіпорынды басқарғанына 11 жыл болыпты. Владимир Дериглазов Зырянға жан-тәнімен берілген жан. Ол ең ұздік мерекелік безендіру мен жарықтандыру байқауының жеңімпазы, бірнеше дүркін кәсіпкерлік нысандарын көркейту және көгалдандыру байқауында жеңіске жеткен. Владимир Николаевич барлық қайырымдылық акцияларына белсене араласады. Ауру және дарынды балаларға қарттар мен тұрмысы төмен отбасыларға, көмек пен қолдау қажет ететіндердің бәріне қол ұшын беруден тартынған емес.
   
Ивенко Валерий Прокопьевич Валерий Прокопьевич Ивенко 1979 жылдан бері Зырян тау-кен байыту комбинатының кәсіподақ комитетін басқарады. Электрослесарь шәкіртінен техникалық бөлімнің бастығына дейін еңбек жолын өтті. 3 рет «Кенші даңқы» шахтерлар төсбелгісімен марапатталған. Валерий Прокопьевич бірнеше рет Тау-металургия саласының Халықаралық кәсіподақ бірлестігінің басшылық құрамына сайланған. Сондай-ақ ол ҚР Тау-металургия өндірісі еңбеккерлерінің кәсіподағы орталық кеңесінің (Астана қаласы) мүшесі. 3 рет аудандық маслихаттың депутаттығына сайланған. Экономика, бюджет және аймақтық даму комиссиясын басқарады. – Менің мақсатым, - дейді ол, - адамдарға көмектесу...
   
Амирханов Заур Сиражевич Заур Сиражевич Амирханов еңбек жолын Зырян қорғасын комбинатының кен байыту фабрикасында бастапты. Қазақ химия-технология институтының аспирантурасын бітірген, кандидадттық диссертация қорғаған. 1972 жылы Заур Сиражевич Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің жоғарғы оқу орнына дейінгі және одан кейінгі Зырян орталығын басқаруды қолына алады. Ол жас ұрпақты тәрбиелеу және білікті мамандар даярлау үшін көптеген жұмыстар атқарды. 2004 жылы З. Амирханов ШҚМТУ-нің профессоры болды. Заур Сиражевичтің белсенділігімен Зырянда қала стадионы қалпына келтірілді.
   
Менкенов Муддарис Менкенұлы Менкенов Муддарис Менкенұлы 1989-1991 жж.
1947 жылы 18 тамызда Павлодар облысы Ертіс ауданы Ертіс ауылында дүниеге келген. Қазақ. Білімі жоғары. Өскемен қ. құрылыс-жол институтында инженер- экономика факультетін және Алматы қ. жоғары партиялық мектебін аяқтаған. 
Еңбек қызметін комсомол жұмысынан бастаған. 
08. 1970 – 03.1971 жж. –Шығыс Қазақстан обкомы комсомолының нұсқаушысы болып жұмыс істеді
03.1971-05. 1973 жж. - Шығыс Қазақстан обкомы комсомолының сектор меңгерушісі
05.1973 -08. 1976 жж. - Өскемен қ. Октябрьск аудандық комитеті комсомолының бірінші хатшысы
08.1976 –11.1977 жж. - «Алтайсвинецстрой» біріккен құрылыс комитеті кәсіподақ трест төрағасының орынбасары 
11.1977- 09.1978 жж. – құрылыс және өнқұрылыс обком кәсіподақ жұмысшыларының хатшысы 
10. 1978-08.1981 жж. – Өскемен үй құрылысы комбинатының партиялық комитетінің бірінші хатшысы
09.1981-08.1983 жж. – Жоғарғы партиялық мектепте оқу
09.1983 - 07.1987 жж. – Зырян қалалық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары
08.1987-03.1989 жж. - Зырян қалалық комитеті партиясының екінші хатшысы 27.04.1989 – 10.06.1991 жж.- Зырян қалалық атқару комитетінің атқару комитетінің төрағасы